Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жинақ марафоны – 2020" байқауының жеңімпазы анықталды

Опубликовано:

Марафон
Фото: ТҮҚЖБ

Қызылорда облысында ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ ұйымдастыруымен жүзеге асқан «Жинақ марафоны – 2020» байқауы өз мәресіне жетті. Байқау аясында Жаңақорған ауданының салымшылары аса белсенділік танытып, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды NUR.KZ.

«Жинақ марафоны» байқауы 2020 жылдың басында бастау алған. Аталған шарада Жаңақорған ауданының 4 мыңнан астам тұрғыны тұрақты түрде салым жасап, көзге түскен. Осылайша, аудан облыс бойынша байқау жеңімпазы атанып отыр.

Осыған орай, бүгін Жаңақорған ауданында салтанатты марапаттау шарасы өтіп, оған ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ Қызылорда филиалының директоры Әділжан Сәулебаев арнайы келіп қатысты. Жиында сөз алған Әділжан мырза аудан халқын жеңіспен құттықтап, аталған шара халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға, елдегі баспана проблемасының шешілуіне сеп болатынын тілге тиек етті. Айтуынша, мұндай байқаулар халықты қаражатты тиімді жұмсауға әдеттендіреді.

«Жинақ марафонының халыққа тигізер пайдасы өте көп. Ең бірінші кезекте ақшаны дұрыс пайдалануға үйретсе, екінші кезекте баспана жағдайының жақсаруына зор септігін тигізеді. Ипотекалық нарықтағы көшбасшы банкпен серіктес болып, халыққа пайдалы жұмыс жасағынымыз үшін қуаныштымыз» - деді ол.
Марафон
Фото: ТҮҚЖБ

Айта кетерлік жайт, ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ тарапынан Қызылорда облысының жеті ауданы мен Байқоңыр қаласына арнайы кеңесшілер бекітілген. Олар осы уақыт бойы тұрғындарға қызмет көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізумен айналысып келеді. Бұл шаралардың барлығы тұрғындардың баспана мәселелерін шешуде жетекші рөл атқарған.

Банк филиалы директорының айтуынша, облыс бойынша биылдың өзінде 1200 адамның тұрғын үй жағдайы жақсарған.

«Депозит ашудан бастап, несие рәсімдеп, баспаналы болғанға дейін түсіндірме жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде Жаңақорған ауданы бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 25 отбасы баспаналы болса, «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 11 отбасы қоныс тойын тойлады. Ал облыс көлемінде жыл басынан бері 1 200 қызылордалық тұрғын үй жағдайын жақсартты», - деді Әділжан Сәулебаев.

Банк қазақстандықтардың баспана мәселесін оңтайлы шешуге бағытталған «Жинақ марафоны» байқауын биыл ғана емес, жыл сайын өткізуді қолға алуды көздеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891411-zinak-marafony---2020-bajkauyny-zeimpazy-anyktaldy/

pixel