Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанды 2021 жылы не күтіп тұр: Белгілі астролог өз болжамын ұсынды

Опубликовано:

Луна и цифры 2021
Фото: Pxhere

Белгілі астролог Ерлан Мұқашев 2021 жылы әлемде және елімізде қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін атап өтті. Оның сөзінше, болжамының 80 пайызы дұрыс келеді екен деп жазады Azattyq Ryhy.

Сарапшы келесі жылы әлемді түрлі өзгерістер күтіп тұрғанын жеткізді.

Оның айтуынша, тышқан жылғы қиындықтардан көзқарас өзгерген. Етек-жеңімізді жиғандай болдық, дейді Мұқашев.

Осы орайда астролог 2021 жыл өткен жылға қарағанда жағымды әрі жайлы болатынын сөз етті.

"Вирустың екінші толқынына аяқ басып жатқанымызбен, халыққа жаз айларындағыдай қатты ауыртпашылық түспейді. Өйткені, біз қазіргі уақытта коронавирустың қай жағдайда тез жұғатынын және одан төнер қауіптен хабардармыз.

Мемлекет тарапынан дер кезінде жасалатын шаралардың арқасында екінші толқынды ойдағыдай өткереміз. 2021 жылдың екінші жартысында елдің ахуалы бірқалыпқа келеді. Жыл соңына дейін ақырындап вирустың тарау екпіні төмендеуі тиіс", - дейді Мұқашев.

Астролог қыс айларында барынша сақ жүріп, денсаулыққа көбірек көңіл бөлу керектігін ескертті.

"Жалпы, 2021 жылды жаһандық өзгерістер жылы деп айтар едім. Өйткені, әлемде дүниежүзі халқының саяси санасын жаңартатын жаңа технологиялар пайда болады. Индивидуализмге көбірек көңіл бөлінеді. Әлемдік жағдай үнемі өзгерісте болып, жаңа дүниелер жиі жарияланып отырады.

Мемлекетімізде демократияландыруға қатысты жаңа реформалар еңгізіліп, жастардың білім алу жолында да жағымды жаңалықтар күтіледі. Дегенмен, жарияланған жаңа заңдарда көптеген түсініспеушіліктер болуы да ықтимал.
Халық тарапынан наразылықтар туып, жер-жерлерде шеру өтуі мүмкін. Алайда, бұл наразылықтар үлкен саяси сілкініске әкелмейді. Керісінше, халықтың наразылығы ескеріліп, жаңа жобалар оң бағытта жүзеге асатын болады.
Жалпы айтқанда, дағдарыс арқылы тың дүниелерге жол ашылады. Елдіегі ахуал қалыпқа түседі. Қарапайым халыққа айтарым, елдегі қазіргі қиыншылық, дағдарысқа тек байсалдылықпен қарап, позитивті жағына көбірек ұмтылғанымыз абзалырақ болады", - деді астролог Ерлан Мұқашев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891701-kazakstandy-2021-zyly-ne-ktip-tr-belgili-astrolog-z-bolzamyn-syndy/

pixel