Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ел тұрғындарын келесі жылы не күтіп тұр: Белгілі нумеролог болжам жасады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Белгілі нумеролог маман Айдана Кәкен келесі жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтып берді деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Оның болжамына сәйкес, өткен жыл тазару жылы болса, келер жылы сол бейнеттің зейнетін көруге мүмкіндік туады.

Сарапшы әлемде болып жатқан әрбір оқиғаны қабылдай білу керек екенін айтады.

Айдана Кәкен әлемде болып жатқан жақсылы-жаманды оқиғалардың өз уақытында болғаны дұрыс дейді.

"Ештеңе жайдан-жай болмайды және қандай жағдайдың да артында үлкен мән жатыр. Осындай қиын шақтардың арқасында көп нәрсенің қадірін түсіндік. Мұндай оқыс оқиғаларды қабылдай білуіміз қажет.

Ал жаңа 2021 жылға келсек, жылдың ең мықты тербелісі 5 санын береді. Бес саны қашанда үздік сан болып есептеледі. Бестік баға, бес жұлдыз деп айтып жатамыз ғой. Әрбір бейнеттің артында зейнет бар демекші, өткен 2020 жыл 4 санына, яғни, қаталдықтың, тәртіптің, тазару мен адамдардың тұрақтылыққа келу жылы болса, келер жыл сол бейнеттің зейнетін көретін, аяқтан нық тұратын жыл болады және бес саны әйел адамдардың көңілі толатын сан болып есептеледі.

Бұл санда тікелей жасырын әйел энергиясы бар. Яғни, нәзік жандылар бұрынғыдай ізденіс, жанталас, ауыртпалықтан босап, көңілі тынышталатын уақыт. Ал әйел бақытты болса, әлем бақытты болатынына мен толықтай сенемін", - дейді маман.

Ол 2021 жылдың мамыр айы бәрінің тұрақталып, толығатын уақыты екенін айта келе, сиыр жылы молшылық пен берекенің белгісі екенін атап өтті.

"Нумерология тұрғысынан қарасақ, бес пен бес кездесетін уақыт өте үлкен өзгерістің уақыты. Мысалы, өткен жылы 4 пен 4 кедескен кез сәуір айымен тұспа-тұс келді. Бұл ай әлем бойынша вирустың нағыз өршіген уақыты саналды. Сандар бір-бірімен кездескен сәтте, болып жатқан оқиғалар не қатты өршиді немесе керісінше төмендейді. Өз болжамым бойынша, келер жылдың мамыр айында барлығы реттеліп, орнына келеді деп ойлаймын. Біраз тұрақталатын боламыз.

Қожанасырдың "Шорт болсын, морт болсын, балаларға сүт болсын" деген керемет сөзі бар.

Сиыр жылы ақтың, берекенің бастамасы. Қазақ жыланның да басына ақ құйып шығаратын болған. Сиыр - нағыз берекелі жыл, келер жылы дауыл, су тасқыны сияқты табиғи апаттардан аулақ боламыз.

Осы жыл халқымыздың қаншалықты мейірімді, жанашыр екенін көрсетті. Осындай сабырлықтың арқасында кез келген мәселені жеңіп шығарымыз сөзсіз. Сондықтан жыл соңына таяған уақытта халықты тек тыныштыққа, қобалжымауға, бірлік пен татулықты сақтауға шақырғым келеді", - деді Айдана Кәкен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891704-kazakstandyktardy-kelesi-zyly-ne-ktip-tr-belgili-numerolog-bolzam-zasady/

pixel