Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сиыр жылында жаңажылдық дастарханға қандай тағам қойған дұрыс

Опубликовано:

Жаңа жыл
Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңажылдық дастарханға сиыр жылының ерекшеліктерін ескере отырып, қандай тағамдар әзірлеу керектігін Sputnik радиосы назарға ұсынды.

Астролог Лилия Любимова атап өткендей, Жаңа жылды ең жақын адамдардың қасында отбасымен бірге тойлау керек. Ол жаңажылдық дастарханда қандай тағамдар болуы керектігін және керісінше, қандай тамақтардан бас тартқан абзал екендігін айтып берді.

Астрологтың айтуынша, 2021 жылдың символы - бұқа - тойлағанды ​​жақсы көретін жануар. Сол себепті, дастарханда тағам көп болуы керек екен. Дегенмен көптеген дәстүрлі тағамдарды алмастыру қажет болады деп санайды астролог.

"Бұқа тамақ жегенді жақсы көреді. Үстелде болмауы керек жалғыз нәрсе - бұл, әрине, ет, әсіресе сиыр еті. Жыл иесінің сиыр етін жегендерге онша көңілі толмайтынын түсіну қажет. Жаңажылдық дәстүрлі тағамдардың көбі сиыр етінен әзірленеді. Мәселен, сиыр етінен оливье, дірілдек (холодец) әзірлемеген абзал. Етті краб таяқшаларымен алмастыруға тырысыңыз, немесе құс етін қолдана аласыз, бірақ ең дұрысы, егер мүмкін болса, оны балықпен алмастырған", - деп кеңес берді Лилия Любимова.

Бұқа жасыл түстерді, түрлі тоқаштарды өте жақсы көреді, сондықтан жаңажылдық ас мәзірінде осы жайтты ескерген дұрыс дейді астролог.

"Бұқа бәліштерді өте жақсы көреді - қырыққабатпен, саңырауқұлақтармен, картоппен жасаса болады. Тәттілердің кез келген түрін қойсаңыз болады - торттар, тоқаштар. Сіз мәзірді барлық көкөністен жасалған салаттардың көмегімен түрлендіре аласыз, алдағы жылдың иесін қуанту үшін бөлек жасыл түсті табақшаны дастарханға қойса болады", - деп атап өтті Лилия Любимова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891746-siyr-zylynda-zaazyldyk-dastarhanga-kandaj-tagam-kojgan-drys/

pixel