RU

Ішімдіктен кейін масаң күйде жасалатын қандай әрекет өмір үшін аса қауіпті

Жаңа жылды тойлату
Көрнекі сурет: Fotolia

Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников масаң күйде жасалатын қандай әрекет өмір үшін аса қауіпті екенін айтып берді деп хабарлайды РИА Новости.

"Россия 1" телеарнасына сұхбат берген Александр Мясников масаң күйде моншаға бару аса қауіпті екенін, тіпті мұндайда адам өліп кетуі мүмкін екенін ескертуде.

"Масаң күйде болу дегеніміз не? Бұл ең алдымен ағзаның қатты сусыздану жағдайы. Алкоголь - қуатты несеп айдаушы сусын. Сонымен қатар құсу, жүректің тез соғуы, жүрек-қан тамырлары жүйесіне түсетін өте үлкен жүктеме. Мұның бәрі үсті-үстіне жағдайды ауырлатады. Бәлкім моншадан аман қалсам, жағдайым жақсара түседі деп ойлайтын боларсыз? Алайда моншада есіңнен танып, өмірмен қош айтысуың да ғажап емес", - дейді ол.

Дәрігер масаңдықты басудың ең тиімді жолы - ішімдік ішу кезінде шектен шықпау екенін алға тартты. Оның пайымдауынша, мәселе ішімдіктің градусында емес, оның мөлшерінде.

"Егер сіз ішімдікті мөлшерден тыс ішсеңіз, сізде масаңдық пайда болады. Барлық нұсқаулықтарды қарасаңыз, 200 миллиграмм таза алкоголь өлімге әкелетін этанол дозасы екені айтылған. Егер сіз осы дозаны ішсеңіз, сізге ешкім көмектесе алмайды", - дейді дәрігер.

Бұл ретте маман қатты масаңдықтан қалай сақтануға болатыны туралы кеңестер берді. Оның айтуынша, пісірілген картоп, дірілдек (холодец), сорпа, майлы әрі тойымды тамақ тез масаюға қарсы көмекші бола алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891891-isimdikten-kejin-masa-kjde-zasalatyn-kandaj-reket-mir-sin-asa-kauipti/