RU

Қазақ тілінде ән шырқаған орыс жігіті желіде жұлдыз болды (видео)

Орыс жігіті
Фото: qaz.stars

Әлеуметтік желілерде қазақша ән шырқаған орыс жігітінің видеосы тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Жас жігіттің ән шырқаған сәтінен видеомен Instagram желісінің qaz.stars парақшасы бөліскен.

"Орыс қазақша сөйлесе, қазақша ән айтса қуанып қалатынымыз бар. Бірақ мына орыстың сары домалақ баласының даусы ерекше екен, иә? Бағасын бере отырыңыздар", - деп жазған видеомен бөлісушілер.

Видеода орыс жігіті әнші Аян Сейітовтің "Ауылым" әнін орындап отырғаны байқалады. Желі қолданушылары ерекше дауыспен қазақ тілінде ән шырқаған жігітке мақтауларын жаудыруда.

"Жарайсың", "Тамаша айтады екенсің", "Керемет", "Күшті екен", "Таза, жанды дауыс, сәл демеушілер болса", "Дауысы әдемі екен", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін сәтті TikTok түсірген азамат кенеттен қымбат көлік мініп, жұлдызға айналғанын жазған едік. TikTok командасы да кенеттен жұлдыз болған азаматтың ролигін өз жарнамасында пайдаланбақ. Олар бұл видеоға "Бәрі TikTok-тан басталады" деген лозунг ойлап тапқан.

Одан бөлек, газ баллонынан өрт шыққан кезде лезде әрекет етіп, балаларын оқыс жағдайдан құтқарып қалған аналар желі қолданушыларының алғысына бөленгенін жазған болатынбыз.

Оқиға Қытайдың Хэнань провинциясында 28 желтоқсан күні болып, видеосы желіге тарап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1892633-kazak-tilinde-n-syrkagan-orys-zigiti-zelide-zldyz-boldy-video/