Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Безосты шаң қаптырған кім: Әлемдегі ең бай адамдар тізімі жаңарды

Опубликовано:

Байлық
Көрнекі сурет: yaroshok.ru

Илон Маск үш жыл бойы көш басынан түспеген Джефф Безосты басып озып, әлемдегі ең бай адам атанды деп хабарлайды Euronews.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Tesla және SpaceX бас директорының мүлкі 188,5 миллиард долларға бағаланып отыр, ал Безостың мүлкі бір жарым миллиардқа кем болып шықты.

Маск Tesla акцияларының құны биржалық сауда-саттықта шамамен 5% -ға артуының арқасында Amazon басшысын шаң қаптырды.

Соңғы жылы Масктың байлығы 150 миллиард долларға өскені атап өтілді. Кәсіпкер 2020 жылдың қаңтарында Bloomberg рейтингінде 35-ші орынға ие болды.

Алайда, 2020 жылы Tesla акцияларының 743% -ға күрт өсуі арқасында оның кәсібі S&P 500 индексіне еніп, Масктың байлығы 150 миллиард долларға көбейе түсті.

Ал 2020 жылдың қараша айының соңында ол аталған рейтингте екінші орынға көтеріліп, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтсті басып озды.

Маск бұл жаңалыққа айтарлықтай қуанбағанын аңдатып, "Қызық екен, жарайды, жұмысмызға қайта кірісейік" деген сөздермен қысқа қайырыпты.

Айта кетсек, Безос 2017 жылдан бері әлемдегі ең бай адам атанып келген болатын. Оның мүлкі 184 миллиард долларға бағаланған.

Forbes пен Bloomberg Billionaires Index ресми рейтингтері әлі жаңартылған жоқ, себебі қор биржаларында сауда-саттық әлі жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1892684-bezosty-sa-kaptyrgan-kim-lemdegi-e-baj-adamdar-tizimi-zaardy/

pixel