Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отасқанына 70 жыл болған ерлі-зайыпты бір күнде коронавирустан қайтыс болды

Жарияланған күні:

Қос қария
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-та 70 жыл некеде болған ерлі-зайыпты бір күнде коронавирустан қайтыс болған деп хабарлайды РИА Новости.

2020 жылы желтоқсан айының соңында Огайо штатының тұрғындары 89 жастағы Дик Мик пен оның 87 жастағы әйелі Ширли шаңырақ көтерген күндерін атап өткен.

Олардың некесіне 70 жыл толған екен.

Алайда жұбайар 8 қаңтарда коронавирус диагнозымен Риверсайд қаласындағы ауруханаға түскен.

Ерлі-зайыптының жағдайы нашарлап, оларды аман алып қалу мүмкіндігі өте төмен болған. Сол себепті дәрігерлер туыстарынан қарияларды оңаша қалдыруларын өтінген.

Жұбайлар 16 қаңтарда бір-бірінің қолынан ұстаған күйі небәрі бірнеше минут айырмашылықпен қайтыс болыпты. Олардың артында 5 баласы, 13 немересі мен 23 шөбересі қалған.

Джонс Хопкинс атындағы университеттің ақпаратынша, АҚШ-та пандемия басталғлы бері 24,2 миллион адам коронавирус жұқтырған. 401 мыңнан аса америкалық коронавирустың құрбаны болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Италияда 60 жыл жұбы жазылмаған ерлі-зайыпты коронавирус індетінен бір күнде көз жұмғанын жазған едік.

Арасына екі сағат қана салып, дүниеден озған 86 жастағы Луиджи Каррара мен 82 жастағы Севера Белотти өмірінің соңғы күндерінде үйінен шықпаған екен.

Айта кетсек, елімізде өткен тәулікте 1180 қазақстандықтан коронавирус анықталған болатын. Ал жалпы ауырғандардың саны 172 412-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1894887-otaskanyna-70-zyl-bolgan-erli-zajypty-bir-knde-koronavirustan-kajtys-boldy/