Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Музыка тыңдап отырып жұмыс істеу зиян болып шықты

Опубликовано:

Музыка
Көрнекі сурет: pixabay.com

Жұмыс істеу кезінде музыка тыңдаудың зиян тұстары бар болып шықты. Бұл туралы психолог маман Марина Розенова айтып берді деп жазады Мәскеу қалалық жаңалықтар агенттігі.

Мәскеу мемлекеттік психология және білім беру университеті экстремалды психология факультетінің профессоры Марина Розенова музыка тыңдап жүріп жұмыс істеудің зиян тұстарына тоқталды.

Маманның сөзіне сенсек, мұндай әдет ойды жинақтауға, өнімді жұмыс істеуге кедергі келтіріп қана қоймай, күйзеліске душар етуі мүмкін екен.

Әсіресе қырағылықты, интеллектуалдық күш-жігерді, стандартты емес шешімдер мен шығармашылық көзқарасты қажет ететін жұмыс кезінде музыканы тыңдаудан аулақ болу қажет дейді психолог.

"Музыканы жұмысқа дайындық кезінде, жұмыс істеуге құлшына кірісуге өзіңді дайындау кезінде ғана қолданған дұрыс. Алайда қандай да бір белсенді жұмысты атқару үшін өзге нәрселеге ойдың бөлінбегені тиімділікті арттыра түседі", - дейді Марина Розенова.

Маманның айтуынша, жұмыс кезінде музыка тыңдау өнімділікті төмендетуден бөлек, шаршауға, ашуланшақтыққа, көңілсіздікке, жағымсыз жағдайларға, енжарлыққа тіпті күйзеліс жағдайына әкелуі ғажап емес.

Ол мұндай жағдай әсіресе күн сайын бір нәрсені қайта-қайта жасайтын жұмыскерлер арасында байқалатынын алға тартты.

Десе де профессор кей жандарға табиғат дыбыстарын немесе аспаптың сүймелдеумін орындалатын жай ғана музыканы тыңдау керісінше көмегін тигізіп жататынын да жоққа шығармады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1894916-muzyka-tydap-otyryp-zmys-isteu-zian-bolyp-sykty/

pixel