Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз жорамал: Ақпан айы кімдер үшін сәтті болмақ

Опубликовано:

Жұлдыз жорамал
Көрнекі сурет: pixabay.com

Астролог Тамара Глоба 25 қаңтардан 15 ақпанға дейінгі аралықты сәтсіздіктермен қоштасатын уақыт деп атады. Үш зодиак өкілі үшін бұл ай жетістіктерге толы болмақ деп хабарлайды "Профиль" басылымы.

Астролог үш зодиак белгісінің өмірінде жаңа мағына пайда болып, жоспарларының бәрі оңай әрі тез орындалатындығын болжауда. Алайда ол үшін тағдырдың белгілерін жберіп алмай, дұрыс түсіне білген маңызды дейді маман.

Алдағы ай, ең алдымен, Тауешкілерге оң әсер етеді екен. 30 қаңтар мен 15 ақпан аралығында олар өздерінің ең үлкен мәселелеріне шешім табатын болады. Жақын арада оларға қолғабыс болып, көмек қолын созатын, ұзаққа созылған сәтсіздіктерден арылуға көмектесетін адам пайда болады дейді Тамара Глоба.

Ақпан айы сәтті болатын келесі зодиак белгісі - Шаян. Шаяндар махаббат төңірегінде туындаған қиындықтарымен қоштасады дейді астролог. Себебі, 15 ақпанға дейін оларды маңызды кездесу күтіп тұр екен. Олар махаббатқа бөленіп, өмірінде ешқандай қиындық пен мәселелер жоқтығына көзі жетеді, деп болжады маман.

Келер ай ерекше қуанышқа бөлейтін үшінші зодиак белгісі - Торпақ. Тамара Глоба ұзаққа созылған сәтісіздіктер бұл зодиак белгісі үшін аяқталатынын айтуда. Олардың қасында қатты жақсы көріп, бағалайтын және көмек қолын созатын жандар бар. Торпақтар бұл жандардың көмегін қабылдап, оларға сенім артса, бәрі жақсы болып, қиындықтар артта қалады дейді Тамара.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1896091-zldyz-zoramal-akpan-ajy-kimder-sin-stti-bolmak/

pixel