Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алақан сызығына қарап, бәрін айтуға болады": Адамның алақанында не сыр бар

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгінде алақанға қарап, алдағы өміріне болжам жасайтындар қатары көбеюде. Ал бұл әдісті адамдар ерте заманнан бастап қолданған. Хиромантия ілімі ежелгі үнді жазбаларынан бастап кездеседі. Алақан сызықтары арқылы нені анықтауға болады? Адам саусақтары қандай құпияларды бүгін жатыр? Бұл туралы нумеролог Арай Ерболқызы баяндайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Адамның алақанындағы сызықтарға қарап, көптеген нәрсені анықтауға мүмкіндік бар. Осы арқылы адамды алдағы келеңсіздіктерден сақтандырып, жақсылықтармен қуантуға болады. Мұның бәрі кітапта жазылған ілім. Мен ешқашан өзім сәуегейлік жасап, болжам айтып бермеймін. Кітаптағы нұсқаулықтар бойынша адам алақанындағы сызықтардың мәнін анықтаймын. Сондықтан, мұны жаратушыға серік қосу деп түсінбеңіздер. Егер алақан сызықтарын оқу арқылы адамдарға көмегім тиіп жатса, мұның еш әбестігі жоқ деп ойлаймын", - дейді Арай.

Бүгінде нумерология саласында табысты еңбек етіп жүрген Арай Ерболқызының хиромантияға қызығушылығы бала күнінде басталған. Ал нақты қолға алып, осы саланы жетік меңгере бастағанына екі жылға жуықтады.

"Алақанға қарап нені анықтауға болады? Ең бірінші кезекте денсаулықтың қыр-сырын білеміз. Өйткені, алақан сызықтарынан адамның қай жері ауыратынын, қай жері сыр беріп тұрғанын оңай анықтауға мүмкіндік бар. Адамның психологиясы мен мінезін де алақаны айтып бере алады. Қазір көптеген адам өзін-өзі іздеумен жүр. Қандай іске икемі барын, қандай салаға бейім екенін білгісі келеді. Қай тетікті бассам, қаржылық жағдайым реттеледі дейтіндер бар. Міне, осының бәрін алақан сызықтары арқылы бақылап, бағдар беріп отырамыз. Баланың алақан сызықтарын мен саусақтарына қарап та оның мінезін, не нәрсеге икемді екенін анықтау оңай. Меніңше, мұның адамға пайдасы зор", - дейді нумеролог.

Маманның айтуынша, адамның қолын қалай ұстағанына қарап-ақ, оның мақсатын, ойын білуге болады.

"Шыны керек, адамның үйге келгендегі қолын ұстау мәнеріне қарап, оның не оймен, не мақсатпен жүргенін біле аламыз. Хиромантияда мұның бәрі есептелген. Адамның мінезін, жұртпен қарым-қатынасын анықтау үшін де алақан сызықтары таптырмайтын құрал", - дейді ол.

Айта кетелік, Арай Ерболқызы 2021 жылға нумерологиялық болжам жасап, биылғы жылдың екінші жартысында коронавирустың бәсеңдейтінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1896891-alakan-syzygyna-karap-brin-ajtuga-bolady-adamny-alakanynda-ne-syr-bar/

pixel