RU

Білікті дәрігер ми жұмысын жақсартатын өнімдерді атады

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Дұрыс тамақтанбау мидың жұмысына әсер етеді, бұл көңіл-күйдің нашарлауына, жиі шаршауға әкеліп соғады деп хабарлайды РИА Новости.

Бұндай жағдайға жол бермеу үшін қандай өнімдер тұтыну керегін диетолог Елена Соломатина Sputnik радиосына берген сұхбатында айып берді.

Оның сөзінше, тамақтың құрамында холиннің жеткілікті мөлшері болуы маңызды.

Маман жұмыртқаның сарысында, қой еті, сонымен қатар сұлы мен түрлі-түсті қырыққабатта аталған дәрумен болады деп отыр.

Одан бөлек, В12 дәрумені мен темірге бай өнімдерді де жиі тұтыну керек. Елена Соломатина бұның барлығы мидың жұмысын ынталандыратыны жеткізді.

"Холин – ацетилхолиннің бастамашысы, ол жүйке импульсінің берілу жылдамдығын қамтамасыз етеді.  B12 дәрумені бар өнімдерді тұтыну маңызды. Ағзада оның мөлшері азайса, бастың айналуы, шаршаңқылық  пайда болады. Ми үнемі оттегі алуы үшін темірге бай өнімдер – бауыр, қызыл ет жеген абзал", – деді дәрігер.

Дегенмен Елена Соломатина аталған өнімдерді шамадан тыс тұтыну ағзаға кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті. Мөлшерсіз тамақтану кезінде олардың құрамындағы токсиндер барлық пайдасын бейтараптандырады дейді маман.

Сонымен қатар, диетолог тұтынылатын тәттілердің мөлшерін шектеп, көкөністер мен жемістерді көібрек жеуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1897144-bilikti-driger-mi-zmysyn-zaksartatyn-nimderdi-atady/