Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер бетіндегі әрбір үшінші адам қатерлі ісікке шалдығады: ДДСҰ күтпеген мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Қатерлі ісік
Көрнекі фото: centralasia.media

Жер бетіндегі әрбір үшінші адам ерте ме, кеш пе қатерлі ісікке шалдығады. Әрбір сегізінші еркек, әрбір он бірінші әйел осы дерттен көз жұмады. Онкологиялық аурудан туындаған өлімнің 70 пайызы кірісі орташа және төмен деңгейдегі елдерде тіркеледі деп хабарлайды centralasia.media басылымы.

"Негізінен қатерлі ісік- әр жанұяның проблемасы. Ол әлемдегі өлімдердің екінші басты себебіне айналды", -деді ДДСҰ өкілі Андрэ Ильбави.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпарынша, бүгінде өлімге әкеп соғатын дерттер арасында бірінші орында жүрек-қан тамыр аурулары тұр.

ДДСҰ мамандары 2020 жылы 19,3 млн адам қатерлі ісікке шалдыққанын, оның 10 миллионы қайтыс болғанын хабарлады. Қатерлі ісіктің ең көп таралған түрі - сүт безі қатерлі ісігі. Одан кейін өкпе, тоқ ішек қатерлі ісігі және простата обыры.

Сондай-ақ, дүниежүзілік ұйым онкологиялық аурулар балалар мен жасөспірімдер арасындағы өлімге де басты себепкер деп отырғанын айтады. Жыл сайын қатерлі ісік 400 мың балада анықталады.

Сарапшылар қатерлі ісікке шалдығудың негізігі себептерін айта келе, аурудан айналып өту үшін қандай ұстанымдарды сақтау қажет екенін жеткізді.

Олардың мәліметінше, аты жаман ауруға шалдықпас үшін темекі шекпей, алкогольді сусындарды аз ішу қажет. Сондай-ақ, әрдайым өзіңді қалыпта ұстап, спортпен шұғылданып, жақсы тамақтанып, жеміс-жидек пен көкөніс тұтынған абзал.

Қатерлі ісікке әкеп соғатын аурулар- Б гепатит пен папиллома вирусына қарсы екпе салдырып, көп уақытты ашық аспан астында өткізген де дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1897252-zer-betindegi-arbir-usinsi-adam-qaterli-isikke-saldygady-ddsu-kutpegen-malimdeme-zasady/

pixel