Багажға артық ақша төлегісі келмеген төрт жігіт 30 келі апельсинді жарты сағатта жеп қойды (фото)
Жарияланған күні:
Қытайда үнемшіл төрт жігіт 30 келі апельсинді 30 минутта жеп қойды. Олар мұндай қадамға багаж үшін артық ақша төлемеу мақсатында барған деп жазады Global Times.
Белгілі болғандай, Ван есімді Қытай тұрғыны және оның үш досы Куньмин қаласындағы жұмыс сапарынан қайтып келе жатқан.
Әуежайға бара жатып, олар жолай бір қорап апельсин сатып алды, бірақ соңында оны ұшаққа алып кіре алмайтынын түсінеді.
Әуежай қызметкерлері саяхатшыларға апельсиннің әр келісі үшін он юань (шамамен 117 рубль) төлеуге тура келетінін айтқан. Алайда туристер артық төлем жасамаудың жолын тапқан.
"Біз сол жерде тұрып, бәрін жеп қойдық. Бұған шамамен 20-30 минут уақытымыз кетті", - дейді Ванг.
Содан кейін ұшаққа отырған жігіттер жасаған істеріне өкінгендерін жасырмады. Себебі, олар өздерін нашар сезініп, ауыздарында жаралар пайда бола бастаған.
Бұл жайт БАҚ назарына іліккеннен кейін әлеуметтік желі қолданушылары болған жайтты белсенді түрде талқылай бастаған.
Reddit порталының кейбір оқырмандары жолаушылардың бұл әрекетін ақымақтыққа балады. Кей пікір қалдырушылар бұл төрт жігітте енді С дәруменінің жеткіліксіздігі ешуақытта болмайтынын айтып, әзілдеген.
Еске салсақ, бұған дейін ақша үнемдеу үшін мысықтың азығын жейтін миллионер әйел көпті таңырқатқанын жазған едік.
Ол жылына 200 мың долларға дейін қалай үнемдеуге болатынын көпшілікке айтып берген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1897267-tort-zigit-30-keli-apelsindi-bagazga-artyq-aqsa-tolemeu-usin-zarty-sagatta-zep-tastady-foto/