jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Ақша үнемдеу үшін мысықтың азығын жейтін миллионер әйел көпті таңырқатты

Мысықтардың азығы
Фото: TLC

Лас-Вегаста тұратын Эми Элизабет миллионер екеніне қарамастан, мысықтардың азығын жейді. Әйел мұндай қадамға ақша үнемдеу үшін баратынын жасырмады деп хабарлайды The Sun.

Ол жылына 200 мың долларға дейін қалай үнемдеуге болатынын көпшілікке айтып берді.

Элизабет
Фото: TLC

Белгілі болғандай, Элизабет секонд-хендтен киім сатып алады екен. Одан бөлек, электр құрылғыларын орынсыз қоспауға тырысып, сонымен қатар тауық немесе балық етінен жасалған мысықтардың консервіленген азығын жейді.

Әйел
Фото: TLC

Ол мұндай өнімдер көк тиын тұратынын, алайда дәмі айтарлықтай жаман еместігін алға тартты. Кейде Элизабет тіпті қонақтарына осындай азық ұсынып жатады екен.

Әйел
Фото: TLC

Әйелдің шотында шамамен бес миллион доллар бар. Бірақ ол ыдысын ескі губкамен жуып, ақшасын барынша үнемдейді.

Губка
Фото: TLC

Элизабеттің, тіпті жаңа ыдысы да жоқ, асүйінде жалғыз пышақ қана бар. Қалталы әйел газ бен электрді де үнемдеп пайдаланады. Ол суды ысытуды және тағамды плитада ұзақ ұстауды артық шығын көреді.

Пышақ
Фото: TLC

Элизабеттің үлкен үйі де күйеуімен ажырасқаннан кейін өзіне қалған. Ол бұл үйге мүлде ақша шығармаған.

Еске салсақ, бұған дейін біз Жапонияда кәсіби "арамтамақтықпен" айналысып келген азамат миллионер атанғанын жазған едік. Ол ақшаға демалып, тамақ ішуге, қарапайым кеңестер беруге машықтанған. Сол үшін Жапония тұрғындары оған қомақты ақша төлеп келеді, ал жігіт бүгінде өз жұмысының арқасында елге танымал блогерге айналып үлгерді.

Ақша үнемдеу үшін мысықтың азығын жейтін миллионер әйел көпті таңырқатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.