Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус кей адамдарға неліктен жұқпайды: Дәрігерлер үш себебін атады

Опубликовано:

дәрігер
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ресейдің халықтар достығы университетінің инфекциялық аурулар кафедрасының доценті Сергей Вознесенский коронавирусқа шалдықпайтын адамдар туралы айтып берді деп жазады РИА Новости.

Оның сөзінше, медицина мамандарының арасында осы мәселеге қатысты үш болжам бар. Біріншіден, адам басқа COVID-19-бен ауырып шыққаннан кейін иммунитет пайда болуы ықтимал.

Сергей Вознесенский адам ағзасындағы антиденелер вируспен ауырып шыққаннын көрсететінін жеткізді. Ал кейбір адамдарда ВИЧ-ті қабылдамау қабілеті де болады.

"Әрине, коронавирус инфекциясы кезінде ондай адамдар көп. Бірақ олардың нақты не себепті ауруды қабылдамайтыны ғылыми ортада әлі күнге дейін талқыланып жатыр", – деді дәрігер.

Осылайша, басқа коронавирус COVID-19-ға қарсы иммунитетті қалыптастыруы мүмкін. Ал екінші болжамға сәйкес, басқа вирустық инфекциямен ауырып шыққаннан кейін адам ағзасында интерферондардың деңгейі көтеріледі. Соның арқасында коронавирус жұқпай қалады.

"Үшінші болжам бойынша иммунитеттің тұрақты элементтері, иммундық кешендер болуы ықтимал. Олар вирустың тыныс алу жолдары арқылы өтуіне жол бермейді", – дейді Сергей Вознесенский.

Әзірше, қорғаныстың қай түрі адамды коронавирусты мүлдем жұқтырмауға көмектесетіні белгісіз.

Психотерапевттер "коронавируспен ауырып қаламын" деген үрейлі қорқыныштың вирусты жұқтыру қаупін арттыратынын айтып отыр. Өйткені адам бір нәрсені уайымдап, қатты үрейленіп жүрсе, ағзадағы физиологиялық процестер бұзылады. Ал эмоциялық тұрақсыздықтан иммунитет төмендейді.

"Орынсыз мазасыздану мен уайымшылдық күшейсе, емделу қажет. Өйткені ондайда психиканың тұрақтылығы төмендейді, адам ағзасындағы зат алмасу процесі баяулайды. Салдарынан иммунитеттің сан алуан патологияларға қарсы күші төмендейді. Мазасыз адамның осал тұсы осы. Әрине, оның ағзасы вирустық патологияға қарсы тұра алмайды", – дейді медицина мамандары.

Осы орайда психотерапевттер коронавирусқа қатысты сан алуан алыпқашпа әңгімелерге көп мән бермей, тек сенімді ақпарат көздерінен ғана қажетті мәлімет алуға кеңес берді. Өйткені көп жағдайда адамның білмейтін нәрсеге үрей-қорқынышы көп болады.

Дәрігерлер COVID-19-дың әдеттен тыс белгілерін де атады. Соның ішінде жүрек қағысының жиілеп кетуі – минутына 100-ден артық соғу да бар. Одан бөлек, ықылықтың ұстап қалып, екі күндей кетпеуі, дейді олар.

Сосын COVID-19 науқастары үрейге жиі салынатынын айтты. Денеге бөртпе шығады, адамды ұйқы мен жалқаулық басады.

Мамандар коронавирустың "британдық" штаммына тән симптомдарды да жариялаған. Әсіресе, балаларда ондай белгілер анық байқалады. Олардың жартысынан көбі шаршап жүреді, тұйық бола бастайды. Ал сәбилер жылап, ұзақ уақыт тынышталмайды. Сонымен қатар коронавирус жұқтырғана балалардың 53 пайызы бас пен іш ауруына шағымданған.

Шай жапырақтарында "катехин" антиоксиданттары бар. Ал жапырақтарды өңдегенде басқа да биологиялық қоспалар бөлініп шығады. Киотодағы медициналық университеттің ғалымдары дәл осы заттар SARS-CoV-2 вирусын жоя алады деген жорамал жасауда.

Ғалымдар өз болжамын дәлелдеу үшін алдымен шайдың түрлі сұрыптарын алып, түтіктегі вирусқа құйып көрген. Сонда қара шаймен араласқан вирустың көлемі бір минуттың ішінде анықталмайтын деңгейге дейін түсіп кетті. Осы уақыттың ішінде маття, ходзича мен улун сияқты көк шай да вирустың мөлшерін азайтқан. Алайда қара шаймен салыстырғанда әсері төмендеу болды.

Сонымен қатар ғалымдар шай арқылы өткен вирусты басқа түтікке салып, оның басқа жасушаларға қалай жұғатынын тексеріп шықты. Сонда вирус мүлдем көрінбеген, я болмаса, оның мөлшері тым аз болған.

Алайда зерттеудің авторлары шәймен коронавирусты емдеуге болмайтынын ерекше атап өтті. Себебі қара шайдың құрамындағы биологиялық белсенді заттар қанға дұрыс сіңбейді. Ал оның мөлшері аз болғаннан кейін бүкіл денеге тараған вирустың белсенділігін төмендету қиын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1897324-koronavirus-kei-adamdarga-nelikten-zuqpaidy-darigerler-us-sebebin-atady/

pixel