Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қай уақытта төсек қатынасына түсу денсаулыққа пайдалы

Опубликовано:

Төсек қатынасы
Көрнекі сурет: pixabay.com

АҚШ ғалымдары ерлердің ұзақ өмір сүруі мен жыныстық қатынасқа түсу уақыты арасында байланыс барын анықтады. Олардың зерттеулеріне сәйкес, таңертеңгі жыныстық қатынас денсаулыққа пайдалы деп жазады lenta.ru.

Чикагодағы Иллинойс университетінің ғалымдары 65-тен 87 жасқа дейінгі 2600 ер адамның арасында сауалнама жүргізді. Нәтижесінде айына кемінде бес рет жыныстық қатынасқа түсетіндердің дені таңертең төсек қатынасына түседі деген қорытынды жасады. Оның үстіне, олардың 97 пайызы 80 мен 87 жас аралығындағы ер адамдар болып шыққан.

Физиологтар мұны таңертеңгі жыныстық қатынас ерлердің денсаулығына пайдалы екендігімен түсіндіреді. Ғалымдардың сөзіне сенсек, таңертеңгілік төсек қатынасы бас ауруын болдырмайды, қан қысымын қалыпқа келтіреді, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады және невроздан сақтайды.

Психолог және сексолог Олег Шевченконың айтуы бойынша, жыныстық қатынастың бұл пайдалы қасиеттері тәуліктің кез келген уақытына тән, алайда таңғы уақытта оның пайдасы арта түседі екен.

Себебі, жыныстық қатынастың әсері таңғы жаттығулардың пайдасымен теңестіріледі, ал кешкі жаттығулар егде жастағы адамдар үшін зиян әрі қауіпті болуы мүмкін дейді маман. Сонымен қатар, ерлерде тестостерон деңгейі таңертең жоғары болады, содан кейін біртіндеп төмендейді.

Шевченко таңертеңгі төсек қатынасының жалғыз кемшілігі - уақыттың жеткіліксіз болуында екендігін алға тартты. Егер сіз асығыс болсаңыз, онда таңертеңгі жақындықтан еш пайда болмайды дейді психолог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1898035-qai-uaqytta-tosek-qatynasyna-tusu-densaulyqqa-paidaly-ekenin-bilesiz-be/

pixel