RU

Жұлдыз жорамал: Ақпан айында кімдер кенеттен байлыққа кенеледі

Жұлдыз жорамал
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қыстың соңғы айы кей зодиак белгілері үшін табысқа толы болмақ. Ақпан айының нақты қай күндері молшылық әкелетінін және қай зодиак белгілерінің бұл айда жұлдызы жанатанынын қытайлық астрологтар болжауға тырысты деп жазады "Профиль" басылымы.

Қытайлық астрологтардың болжамына сенсек, 18 ақпанға дейін жоспарларын іске асыруды қолға алған кей зодиак белгілері кенеттен байлыққа кенелу мүмкіндігіне ие болады. Ал одан кейінгі уақытта табысты болу қиынға соқпақ, себебі нашар астрологиялық аспектілер жоспарларды іске асыруда адамдарды жаңылыстыруы ғажап емес дейді болжаушылар.

Нақтырақ айтатын болсақ, алдағы сегіз күнде үш зодиак белгісінің жұлдызы жанып, үлкен жетістіктерге жетеді деп күтілуде. Егер олар тағдырдың барлық белгілерін назардан жіберіп алмай, дұрыс шешімдер қабылдайтын болса, сәттілік серіктеріне айналады дейді қытайлық астрологтар.

Сонымен олар кімдер?

Ақпан айында ең алдымен, еңбекқор Иттердің бағы жанбақ.

Оларды өмірдің кез келген сынағында жетістіктер күтіп тұр. Жұлдыздарға сенсек, Иттерде мүлде күтпеген жайт болады дейді астрологтар. Десе де бұл жайт үлкен табысқа кенелуге мүмкіндік бермек.

Тышқандардың да осы айда жолы болмақ.

Биылғы жыл олар үшін айтарлықтай қиын болғанымен, ақпан айының соңында жағымды тосынсыйлар күтіп тұр. Осы белгімен туылған адамдар келесі аптада жақсы ақша табуға мүмкіндік алады. Пайдалы келісімшартқа қол қоюы немесе үлкен табысқа кенелуі де ғажап емес.

Ал қояндарға ақпан айында өз мансабына ден қойған азал.

Бұл жолы олардың адалдығы мен қажырлы еңбегі барынша ақталып, қаржылық жағдайы айтарлықтай жақсарады. Алайда, астрологтар мұнымен тоқтап қалмауға және алға ілгерілеу үшін бар күш-жігерін салуға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1898310-zldyz-zoramal-akpan-ajynda-kimder-kenetten-bajlykka-keneledi/