RU

"Жалған пайғамбарлар шығады": Нумеролог 2021 жылдың ең басты 5 ерекшелігін атады

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

2021 жылдың бір айы артта қалып, екінші айы орта тұсқа келді. Десе де, нумерологтардың болжамы әлі күнге дейін маңызды. Танымал нумеролог Айсұлу Ахимова биылғы жылдың маңызды 5 жақсы жағы мен нашар тұстарын айтып берді деп жазады Segodnya.ua.

"2021 жылы адамдар арасындағы жылулық пен сенімділік арта түседі, еңбекқорлық пен табандылық көпшіліктің негізгі қасиетіне айналады, сенім мен мейірім алдыңғы қатарға шығады. Психоматрицада биылғы жыл бес санына сәйкес келеді. Бұл гармонияның, тепе-теңдіктің белгісі", - деген нумеролог биылғы жылдың басты бес ерекшелігін атады.

1. Көпшілік өздері үшін жаңадан дін іспетті дүниелерді ашады. Тіпті, өздері үшін жаңа "пайғамбар" тауып алуы мүмкін. Бұл фанатизмге әкеліп, жаңа орталардың пайда болуына соқтырады. Жаңа білімді насихаттайтын жалған мамандар шыға бастайды, олардың басым бөлігі ойдан шығарылған және құр-бос жайттарды насихаттайды.

2. Интернет-технологиялар одан әрі дами түседі. Бұл 2005-2015 жылдары туған соңғы буынға ерекше әсер етеді. Өйткені, оларға аз көңіл бөліне бастайды, ой жылдамдығы дамығанымен, сараптамалық тұрғыдан талқылау жағы төмендейді.

3. Тұрғын үй ауыстыруға келер болсақ, ақпан, мамыр және қазан айларында көшіп-қонудың қажеті жоқ. Шетелге көшетін болсаңыз, баратын мемлекетті ұзақ ойланып, таңдаған дұрыс.

4. Стимуляторларға тәуелді адамдардың ойы басқа арнаға – есірткінің жаңа түріне бұрыла бастайды. Биылғы жыл алкоголь мен басқа да зиянды заттардан бас тарту үшін өте қолайлы. Әсіресе, психоматрицаның орта тұсындағы ірі сандарға ие адамдарға ойланған жөн.

5. Интернеттегі алаяқтық саны артады, құмар ойындарға әуестердің қатары тағы да көбейеді, онлайн мен биржаға бәс тіккендер де азаймайды. Егер сіздің нумерологияңызда 6 және 4 сандары болмаса, ірі көлемде қарыз, кредит алмаңыз.

Нумеролог 2021 жылдың ең басты жетістіктеріне төмендегі жайттарды қосты:

Отбасылық қасиеттер нығаяды; 2021 жылы шығармашылыққа, музыкаға жақын балалар дүниеге келеді; Астрофизикада ірі жаңашылдықтар ашылады; Жүрек және эндокринді жүйеге көңіл бөлінсе, денсаулық жақсара түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1898559-zalgan-paigambarlar-sygady-numerolog-2021-zyldyn-en-basty-5-erekseligin-atady/