"Бір жыл бойы кездестік": Студент қыз 80 жастағы ақсақалға тұрмысқа шығып алды
Жарияланған күні:
Оңтүстік Африкада студент өзінен 51 жас үлкен қарияға тұрмысқа шықты деп хабарлайды Daily Mail.
Кейптаун қаласының 29 жастағы тұрғыны қариямен бір жыл бойы кездесіп, артынша оған тұрмысқа шыққан.
Терзел Расмус 80 жастағы Уилсон Расмуспен 2016 жылы жергілікті басылымның ұйымдастырған іс шарасы барысында кездесіпті.
Журналист болып жұмыс істейтін студент немерелері бар ақсақалға ессіз ғашық болып қалады.
"Жұмысты аяқтаған соң, кеште қала тұруды ұйғардым. Уилсон би алаңынан өтіп, мен отырған жерге келді де, қасымда отыруға рұқсат сұрады. Ол менің жалғыз отырғанымды байқағанын айтты. Мен келістім, содан бері біздің жұбымыз ажыраған емес. Кейінірек ол маған іс-шара басталар алдында-ақ назар аударып, менімен жақынырақ танысуға шешім қабылдағанын айтып, ағынан жарылды", - дейді Терзел.
Олар телефон нөмірлерімен алмасып, келесі күні Терзел Уилсонды баспасөз шарасына, содан кейін кофеге шақырады. Көп ұзамай олар кездесе бастайды.
Уилсон өзінің жасына байланысты оған қамқорлық жасайтын жас әйел іздегенін жасырмайды. Ал Терзел қарияның даналығы мен өмірлік тәжірибесін бағалайтынын алға тартуда. Ол оған болашағына қатысты кеңестер беріп, қаржылай қолдау көрсетеді екен. Атап айтқанда, ер адам сүйіктісінің оқуы үшін ақша төлейді.
Ерлі-зайыптылар балалы болуды жоспарламапты, бірақ Терзел кенеттен жүкті болса, түсік жасатпайтынына сендірді.
Уилсон 2002 жылы бірінші әйелі қатерлі ісіктен қайтыс болғаннан кейін жалғыз болғанын айтады. Терзелдің анасы қызының Уилсонмен некесіне ақ батасын берген екен.
2017 олар некелерін қидырып, қарияның 56 жастағы қызы неке куәгері болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1898931-student-qyz-80-zastagy-aqsaqalga-turmysqa-sygyp-aldy/