Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз жорамал: Астрологтар наурыз айына болжам жасады

Опубликовано:

Жұлдыз жорамал
Көрнекі сурет: pixabay.com

Астрологтар келе жатқан наурыз айында барлық зодиак белгілерін не күтіп тұрғанын болжады деп жазады ytro.ru сайты.

Тоқты

Жұмысқа тым қатты берілудің қажеті жоқ, денсаулығыңызға көбірек мән беріңіз. Кәсіби жолыңызда бірқатар өзгерістер болуы ғажап емес. Өзгерістерден, жаңа ережелерден еш қорықпаңыз және болмашы дүниелерге бола алаңдамауға тырысыңыз.

Торпақ

Жаңа ортаға сіңісу үшін бұрынғы ортаңызбен қош айтысуға тура келуі мүмкін. Жаңа таныстықтар қуаныш әкеліп қана қоймай, соның арқасында толағай табысқа да кенелуіңіз ықтимал. Ең бастысы күтініп жүруді ұмытпаңыз.

Егіздер

Сіз үшін наурыз жұмысқа толы ай болмақ. Кәсібіңізде жоғарылау туралы ұсыныстар алуыңыз да ғажап емес. Десе де, бірден қыруар табысқа кенелемін деп ойлаудың қажеті жоқ. Жеке өміріңізде жұмсақтық танытуыңызға тура келеді.

Шаян

Жеке өміріңізде салқындық пайда болуы мүмкін. Себебі, бар уақытыңызды жұмысқа арнап, жан жарыңызға жеткілікті көңіл бөлмеуіңіз ғажап емес. Дегенмен қарым-қатынасты үзуге асықпаңыз. Жан жарыңыз сіздің бәрін отбасыңыз үшін жасап жүргеніңізді түсінеді.

Арыстан

Наурыз сіз үшін жаңа бастаулардың айы. Жұмысыңызға өзгерістер жасап көріңіз. Жеке өміріңізде ашық әңгімелесуге, сезіміңізді жасырмауға тырысыңыз. Тамақтану әдетіңізге мән беріңіз.

Бикеш

Бұл ай сіз үшін романиткаға толы болмақ. Көпшіліктің ерекше назарында боласыз, алайда жақын қарым-қатынасты бастамастан бұрын бәрін саралап алған абзал. Басшылықтың ережесін ұстанып, авантюрадан аулақ болыңыз.

Таразы

Барлық мәселеде орташа позицияны ұстаныңыз. Барға қанағат етіп, жаңа жобаларды бастамас бұрын, бәрін мұқият зерделеп алыңыз.

Сарышаян

Сарышаяндар үшін де наурыз айы романтикаға толы болмақ. Өміріңізде жаңа адамдар пайда болуы мүмкін. Бөтен адамдардың сезіміне жауап беруге асықпаңыз. Қаражатқа, тағамға келгенде сараң болмауға тырысыңыз.

Мерген

Наурыз айы үйіңізді жайлы етуге оңтайлы болмақ. Қызыл етті тым көп жемеуге тырысыңыз. Жұмысыңыз өрге жүзеді.

Тауешкі

Құндылықтарды қайта қарау уақыты. Шығармашылыққа ден қойыңыз - табысыңыз еселенеді. Серігіңізге сенім артсаңыз, ол сізге сынақтарды еңсеруге көмектеседі.

Суқұйғыш

Саяххаттауды ойласаңыз, уақытыңызды жақсы жоспарлап алған абзал. Денсаулығыңызға ден қойып, таңғы уақытта жаттығулар жасап тұрған артық етпейді. Жеке өмірде өзгерістер бола қоймайды.

Балықтар

Шығармашылыққа мән беріңіз. Ұтқыр ойларыңызды қорықпастан жүзеге асырыңыз - мұны басшылық жоғары бағалайтын болады. Ал жеке өміріңізде оң өзгерістер күтіп тұр. Спорт туралы ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1899846-zuldyz-zoramal-astrologtar-nauryz-aiynda-bolzam-zasady/

pixel