RU

Жаңа Зеландияда кір жуғыш машинаның ішіне кіріп кеткен бала көз жұмды

Кір жуатын машина
Көрнекі фото: pixabay.com

Жаңа Зеландияда қосулы тұрған кір жуғыш машинаның ішіне кіріп кеткен бала көз жұмды деп хабарлайды Life.ru.

Басылымның мәліметінше, оқиға 19 ақпанда Крайстчерч қаласында болған.

Кенет бүлдіршіннің ата-анасы кішкентайларының кір жуатын машинаның ішінде жуылып жатқанын көрген. Осыдан кейін баланы ес-түссіз халде жергілікті ауруханалардың біріне жеткізген.

Алайда дәрігерлер оның өмірін аман сақтап қала алмаған.

Полицияның хабарлауынша, баланың өлімі күдік тудырмайды.

Басылым үйінде кішкентай баласы барларға аса сақ болу қажеттігін ескертеді. Бүлдіршіндердің абайсызда кір жуғыш машинаның ішіне кіріп кететін кездері аз емес.

Баласының ішінде екенінен бейхабар ата-аналар машинаны қосып жіберуі мүмкін.

Еске сала кетсек, Шымкентте төрт жасар бүлдіршіннің ішінен бір уыс шаш шыққан еді.

Хирург Әкім Түлкібаевтың сөзінше, шаштың көлемі үлкен болғаны соншалық, асқазанның 90 пайызын жауып қалған. Салдарынан бала дұрыс тамақтана алмай, мазасызданған. Дегенмен сәтті жасалған отаның арқасында қазір қыз баланың жағдайы жақсы.

Сонымен қатар Үндістанда маймылдар үйдің шатырынан кіріп, анасы дәретханаға кеткен кезде туғанына сегіз күн болған екі баланы ұрламақ болған еді.

Анасы сәбидің бірін ұстап қалған. Алайда екінші баланы алып кеткен жануарлар нәрестені өлтіріп қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1900063-zana-zelandiyada-kir-zugys-masinanyn-isine-kirip-ketken-bala-koz-zumdy/