Енесіне ғашық болып қалған күйеу бала әйелін тастап, онымен қашып кетті
Опубликовано:
![Отбасы Отбасы](https://cdn.nur.kz/images/1120x630/c664706546d076eb.jpeg)
Ұлыбританияда енесіне ғашық болып қалған ер адам, онымен көңіл жарастырып, жаңа туған нәрестесі мен әйелін тастап кетті деп жазады The Sun басылымы.
24 жастағы Джесс Олдридж (Jess Aldridge) бір сәтте анасы мен күйеуінен қалайша айырылғанын айтып берді.
![Отбасы Отбасы](https://cdn.nur.kz/images/1120/c632c7715e00b7d5.jpeg)
Оның сөзіне сенсек, коронавирус салдарынан күні бойы бір үйге қамалған анасы мен күйеуі ақыры көзіне шөп сала бастаған.
Джесс аяғы ауыр болғандықтан, 29 жастағы күйеуі Райан Шелтонмен және 1,5 жасар баласымен бірге локдаун кезінде ата-анасының үйінде тұруды ұйғарған екен.
Себебі, ол 44 жастағы анасы Джорджина мен 56 жастағы әкесі Эрик екінші баласы дүниеге келгенде өзіне қолдау білдіреді деп күткен.
![Отбасы Отбасы](https://cdn.nur.kz/images/1120/cad48db368264a58.jpeg)
"Біз айлар бойы бір үйде тұрдық. Бұл ауыр болды, себебі Райан мен анам екеуі күнде бірге ішімдік ішіп, қалжыңдасып отырғанда мен өзімді біртүрлі сезінетінмін. Әкем екеуіміз сол уақытта диванда теледидар қарап отыратынбыз", - дейді Джесс.
![Отбасы Отбасы](https://cdn.nur.kz/images/1120/ca9e72990db08a8b.jpeg)
28 қаңтар күні Джесс кесар тілігі арқылы ұл баланы дүниеге әкеледі. Ол ұлына Рубен деген есім береді. Ал күйеуі болса, сол уақытта тек екі рет перзентханаға аз уақытқа келген екен.
![Отбасы Отбасы](https://cdn.nur.kz/images/1120/dd7d09a74623203b.jpeg)
30 қаңтарда Джесс күйеуінен мүлде күтпеген хабарлама алады. Хабарламада Райан одан мезі болғанын және айырылысуға ниетті екені жазған екен. Содан кейін күйеуі асығыс жүктерін жинап, енесімен бірге өзге қалаға көшіп кетеді.
![Отбасы Отбасы](https://cdn.nur.kz/images/1120/f3d88a7f3f789089.jpeg)
"Үйіме келгенде олардың барлық заттары жоғалып кеткенін көрдім. Райан анаммен бірге екенін білдім. Олар тек келесі күні ғана көңіл жарастырып, қашып кеткендерін мойындады", - дейді Джесс.
Әкесі Эрик те, Джесстің өзі де, мұндай сатқындықтан кейін қатты күйзеліске түскендерін жасырмады.
![Джесс Джесс](https://cdn.nur.kz/images/1120/38d40001ac05295f.jpeg)
"Ол менің әкемді тастап кетті. Әкем мұны ауыр қабылдап, күйзеліске түсті. Олар жарты жыл бойы бізге опасыздық жасап келген екен. Жиіркенішті. Оларды көрместей күйге түстім. Анам немересіне ғашық болады деп күттім. Ал ол болса күйеуіме ғашық болып қалды. Бұл - сатқындықтың асқан шегі. Бір сәтте анамнан да, балаларымның әкесінен де айырылып отырмын", - дейді Джесс.
![Джесс Джесс](https://cdn.nur.kz/images/1120/f7552e95ae14a103.jpeg)
Енді бойжеткен екі баласымен бірге жалғыз қалай күн көретінін ойлап, дал болуда. Себебі, бұған дейін отбасын отағасы асырап келіпті. Ал анасы болса, қызымен сөйлесіп, не себепті мұндай опасыздыққа барғанын жөнді түсіндіре алмаған.
"Анам ғашық екенін және жүрекке әмір жүрмейтінін айтып, ақталды. Райан да солай деп отыр. Бұл - ауыр соққы. Олар мен босана салысымен бірге қашып кетуді әу бастан жоспарлап келген", - деп әңгімесін аяқтады Джесс.
![Отбасы Отбасы](https://cdn.nur.kz/images/1120/588bda39c33d5681.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1900068-enesine-gasyq-bolyp-qalgan-kuieu-bala-aielin-tastap-onyn-anasymen-qasyp-ketti-foto/