RU

Артық салмақтан арылуға көмектесетін жеті әрекет

артық салмақ1
Көрнекі фото: pixabay.com

Диетолог Рейчел Пол артық салмақтан арылғысы келетіндерге көмектесетін жеті әрекетті атады деп хабарлайды lenta.ru.

Дәрігер артық салмақтан арылу жолында адамдарға өзін қинайтын әрекеттерге бармауға кеңес берді. Айтуынша, арықтау үшін дұрыс тамақтануды бір жүйеге келтіру ашығудан гөрі тиімдірек болмақ.

Сонымен, Рейчел ұсынған артық салмақтан арылудағы жеті тиімді әрекет қандай?

1) Не жейтініңізді бір апта бұрын жоспарлап, жейтін тағамдарыңызға қажетті азық-түлікті бір күн бұрын дайындап алу қажет.

2) Таңғы асқа дәрігер ақуыз бен майларға бай тағамды тұтыну керектігін айтады. Мәселен, жұмыртқа, арқан балық, авакадо. Түскі асқа және кешкі ас кезінде тәрелкеңіздің жартысын ғана тамақпен толтырып, қалғанына салат қойыңыз. Салаттар әдетте дәрумендер мен пайдалы заттарға бай болады.

3) Көмірсуларға бай тағамдарға келетін болсақ, Рейчел ондай тағамдардың өзіңізге ұнайтын түрлерін таңдауға кеңес береді.

Пайдалы көмірсулардың қайнар көзі ретінде жасымықты, бұршақ тұқымдастарты, жемістерді, көкөністерді, қоңыр күрішті, киноа мен бидайды және сұлыны атауға болады. Диетолог бұл тағамдардың мөлшерін сәл азайту керектігін алға тартты. Ал артық салмақтан арылу үшін олардан мүлде бас тартқан қателік болады дейді маман.

4) Диетаны ұстауды бастапқыда калория мөлшерін сәл ғана азайту арқылы бастау керек дейді диетолог. Осылайша ағзаны жаңа тамақтану әдетіне үйретіп алсаңыз әріқарай диета жеңіл болмақ.

5) Сондай-ақ өзіңізді зерттеп, қай уақытта көп тамақ ішкіңіз келетінін түсіну өте маңызды. Ондай уақытта жаңғақтар, дәндер, грек йогурті немесе сүзбені жеу арқылы ағзаңыздың қажеттілігін өтуге болады.

6) Егер күйзеліске түскенде тағамды шектен тыс жеуге әдеттенсеңіз, оның орнына өзге тәсілмен көңілді тыныштандыру жолын қарастыру қажет. Шоколад жегенше, серуендеп, суға түсіп, сүйікті ісіңізбен айналысып көріңіз.

7) Спортпен шұғылданып, жаттығып отыру да маңызды. Одан бөлек, ұйқыңызды қандырып, күйзелісті азайтып, алкоголь өнімдері пен темекіден бас тартқан абзал.

Мұның бәрі артық салмақ тастауда оң әсерін тигізетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1900825-artyq-salmaqtan-aryluga-komektesetin-zeti-areket/