Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диетолог тәттіге әуестіктен қалай арылуға болатынын айтып берді

Опубликовано:

Балмұздақ
Фото: pixabay.com

Диетолог әрі дұрыс тамақтану қағидалары туралы бірнеше кітаптардың авторы Пуджа Махиджа тәттіге әуестілікпен күресудің оңай әдісін ұсынды. Оның кеңестерін Times of India жазды деп хабарлайды lenta.ru.

Нутрициологтың айтуынша, тәттіқұмар болуға көбіне ағзада ақуыздың жеткіліксіз болуы себеп болып жатады екен.

"Сіз тәттіге ұмтылған сәтте сіздің ағзаңызға ақуыз қажет", - деп түсіндірді ол.

Махиджа тәттіге әуестіліктен арылу үшін таңғы, түскі және кешкі ас кезінде ақуыздың жеткілікті екеніне көз жеткізуді ұсынды.

Ақуызға бай тағамдарды тұтыну қанықтыру гормоны - лептиннің пайда болуына әсер етеді.

Тамақтанған адам, диетологтың айтуы бойынша, үнемі тәтті нәрсе жеуге құмартпайды.

Өзге үнді диетологы Пуджа Малхотра қантқа деген құштарлықтың тағы бір себебі ағзада судың жеткіліксіздігі екенін айтқан еді. Ол да рационға ақуызға бай тағамдарды қосуға шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ ғалымдары жаңғақ жеп жүрген адамның жүрек және қан тамыры ауруларына жиі шалдықпайтынын мәлімдеген еді.

Әсіресе 50 жастан асқан егде адамдар үшін бұл дән аса қажет көрінеді.

Одан бөлек, ресейлік психолог күйзеліске түсудің негізгі 6 белгісін атаған болатын.

"Күйзеліске түсу белгілерін анықтау үшін келесі белгілерге назар аудару қажет: біріншіден, сіз өзіңіздің көңіл-күйіңіздің төмендеп бара жатқанын байқай бастайсыз. Көңіл-күйсіз жүруге еш себеп болмаса да, сіздің көңіл-күйіңіз мүлде болмайды", - дейді Коротина-Гессе.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1901470-dietolog-tattige-auestikten-qalai-aryluga-bolatynyn-aityp-berdi/

pixel