Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

22 баланы дүниеге әкелген батыр ананың өмірінен бір күн

Жарияланған күні:

Отбасы
Фото: thesun.co.uk

Ұлыбритания тұрғындары Сью мен Ноэля Редфорд бүгінде 22 баланың ата-анасы атанып отыр. Көпбалалы отбасы жергілікті тұрғындардың арасында ерекше танымалдыққа ие деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

1989 жылдан бері 11 қыз бен 11 ұл сүйген ерлі-зайыптылар туралы деректі фильмді Channel 5 арнасы жариялады.

Отбасы
Фото: thesun.co.uk

Көпбалалы отбасының ең кенжесі өткен жылдың сәуір айында дүниеге келген. Оны Хейди деп атаған.

Отбасы
Фото: thesun.co.uk

Бүгінде Редфордтар жанұясы сыйымдылығы он адамға деп салынған бұрынғы қарттар үйін паналап жүр. Үш баласы есейіп, ер жеткесін бөлек шыққанына қарамастан, отбасы мүшелері тар үйге әрең сыйып жүргендерін жасырмайды.

Отбасы
Фото: thesun.co.uk

Отағасы өз кондитерлік дүкенін ашып алған. Алайда коронавирус пандемиясы салдарынан дүкенін жабуға мәжбүр болған. Көпбалалы әке бүгінде онлайн қызмет көрсету арқылы табыс тауып жүр.

Отбасы
Фото: thesun.co.uk

Сью үйдегі тіршілікті дөңгелетіп отыр. Ол күніне бірнеше рет үйді жинайды. Ал киім жуу үшін 18 келіге дейін киім сыйғызуға болатын үлкен өнеркәсіптік кір жуатын машина сатып алған.

Отбасы
Фото: thesun.co.uk

Редфордтар отбасы күніге жеті лирт сүт ішіп, төрт нанды тауысып қояды. Бір аптада үш сықпа тіс пастасын, 24 рулон әжетхана қағазын, 80 йогуртты тауысады.

Десе де, бүгінде немере сүйіп үлгерген көпбалалы ерлі-зайыптылар бақытты екендерін айтады.

Отбасы
Фото: Bruce Adams / Daily Mail
"Балалар - біздің байлығымыз. Оны ешуақытта ақшаға сатып ала алмайсың", - дейді Ноэля Редфорд.

Дегенмен 45 жастағы Сьюден 13 жастағы ұлы қарындасы сәуірде дүниеге келгеннен кейін қалжыңдап енді бала тумай-ақ қоюын сұраған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1901487-22-balany-duniege-akelgen-batyr-ananyn-omirinen-bir-kun-foto-video/