Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең кішкентай 10 мемлекет туралы білесіз бе

Жарияланған күні:

Ең кішкентай мемлекеттер
Фото: bigpicture.ru

1929 жылы 7 маусымда Латеран келісімдеріне сәйкес Ватикан мемлекетінің тәуелсіздігі мойындалды. Осы жайлы және әлемдегі ең кішкентай тағы 9 ел туралы BigPicture порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ мақаласынан оқыңыз.

1. Мальдив аралдары

Аралдардан тұратын Мальдив Республикасы Үнді мұхитында орналасқан және көлемі жағынан ең кіші азиялық мемлекет болып табылады. Ел ауданы 298 шаршы километрді құрайды, оған қоса 396 мың халқы бар. Астанасы Маледе жалпы халықтың үштен екісі тұрады. Бүгінгі таңда елдің негізгі табысы туризмнен түседі.

Мальдив аралдары
Фото: bigpicture.ru

2. Сейшел аралдары

Сейшел аралдары 455 шаршы километрді ауданды алып жатыр, мұнда 84 мың адам тұрады. Архипелаг Мадагаскардың солтүстігінде орналасқан және Үнді мұхитындағы 115 аралдан тұрады. Ел тәуелсіздік алған 1976 жылдан бастап туризм мемлекеттің негізгі табыс көзіне айналған.

Сейшел аралдары
Фото: bigpicture.ru

3. Лихтенштейн

Бұл мемлекеттің теңізге шығу мүмкіндігі жоқ. Еліміздің ауданы – 160,4 шаршы километр. Лихтенштейн Швейцария және Австриямен шекаралас және ең бай елдердің бірі. Мұнда тіркелген компания саны тұрғындардан көп.

Лихтенштейн
Фото: bigpicture.ru

4. Науру

Науру Тынық мұхитының оңтүстігінде Микронезияда орналасқан. Ел ауданы 21,3 шаршы километрді құрайды. Науру Республикасы – әлемдегі ең кішкентай арал мемлекет. Ел 1968 жылы тәуелсіздік алды, бірақ арал 3 мың жыл бойы аборигендердің отаны болды. Бүгінде ондағы халық саны 9 мыңға жуықтаған. Науру штатында қарулы күштер жоқ.

Науру
Фото: bigpicture.ru

5. Ватикан

Ватикан – Рим аудандарының бірінде орналасқан және 44 гектар аумақты алып жатқан жабық қала-мемлекет. Ол 1929 жылы құрылған және елді Рим папасы басқарады. Сонымен қатар, ел аумағының жартысын Ватикан бақтары алып жатыр. 800-ге жуық адам Ватиканның ресми азаматтары болып табылады, ал мыңдаған итальялық мұнда күн сайын жұмыс істеуге келеді.

Ватикан
Фото: bigpicture.ru

6. Монако

Екінші ең кішкентай мемлекет – Монако. Соңғы 20 жылда теңіздің тартылуының арқасында елдің аумағы ұлғайды және қазір ол 2,02 шаршы километр ауданды алып жатыр. Монако екінші ең кіші монархиялық мемлекет. Елде 30 мың тұрғын бар, оған қоса мемлекет әлемдегі ең халық тығыз қоныстанған елдердің бірі. Тұрғындар үшін негізгі табыс туризмнен келеді.

Монако
Фото: bigpicture.ru

7. Сент-Китс және Невис Федерациясы

Бұл ергежейлі мемлекет Батыс Үндістанда (Солтүстік және Оңтүстік Америка арасында) Атлант мұхитының аралдарында орналасқан. Мемлекет аумағы 261 шаршы километр болатын екі аралда орналасқан. Бұл – еуропалықтар қоныстанған алғашқы арал. Негізгі табыс көзі, әрине, туризм, бірақ мұнда ауылшаруашылығы мен офшорлық банк ісі де дамыған.

Сент-Китс және Невис
Фото: bigpicture.ru

8. Маршалл аралдары

Тынық мұхитының ортасындағы бұл мемлекет негізінен маржан аралдарынан тұрады. Ел аумағы – 181 шаршы километр, халық саны – 62 мың. 1986 жылы аралдар Америка Құрама Штаттарынан тәуелсіздік алды, бірақ мемлекет осы уақытқа дейін АҚШ-тың көмегінің арқасында ғана тіршілік етіп келеді. Елде табиғи ресурстар жоқ және тауарлар импорты экспорттан асып түседі.

Маршалл
Фото: bigpicture.ru

9. Сан-Марино

Сан-Марино 61 шаршы километрді алып жатыр және Еуропалық кеңеске мүше мемлекеттердің ішіндегі халық саны ең аз ел. Бұл әлемдегі ең көне тәуелсіз ел және 301 жылы 3 қыркүйекте құрылған. Сонымен қатар, Сан-Марино кірісі шығындарынан асып түсетін әлемдегі ең бай елдердің бірі.

Сан-Марино
Фото: bigpicture.ru

10. Тувалу

Тувалу Тынық мұхитының оңтүстігінде орналасқан және 26 шаршы километр аумақты алып жатыр. Елге бірнеше маржан аралдары да кіреді. Бұрын бұл аралдар Британиядық тәжге тиесілі болған, оған қоса олар Эллис аралдары деп аталды. Тувалу 1978 жылы ағылшындардан тәуелсіздік алды. Халық саны 10,5 мың адамды құрайды. Табиғи ресурстардың жетіспеушілігінен Тувалу басқа елдердің көмегіне жүгінуге мәжбүр.

Тувалу
Фото: bigpicture.ru

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1901534-alemdegi-en-kiskentai-10-memleket-turaly-bilesiz-be/