jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Курьер жігіт 12-қабаттан құлап кеткен екі жасар сәбиді қағып алды (видео)

Қыз бала
Видеодан: кадр

Вьетнамда курьер болып жұмыс істейтін жас жігіт 12-қабаттан құлаған екі жасар қыз баланы құтқарып қалды деп жазады Daily Mail.

Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршінді дер кезінде қағып алып үлгерген.

Бұл жайтты көрші үйдің тұрғындары видеоға түсіріп алыпты.

Балақайға қауіп төнгенін байқаған жұрт шулап, көмекке шақыра бастағанда жақын маңда болған Нгуен дереу әрекет етуге көшкен.

Ол бірінші қабаттың кішігірім шатырына көтеріліп қыз баланы құтқарудың амалын ойластыра бастағанда сәби құлап кетеді. Бәрі әп-сәтте болғандықтан, жігіт ойланбастан балақайды қағып алуға әрекеттенеді.

"Мен қарама-қарсы ғимаратта, клиентке керек заттарды жеткіземін деп көлігімде күтіп отырған едім, баланың жылаған дауысын естідім. Мен жай ғана ата-анасы ұрсып жатыр екен деп ойладым. Бүлдіршінді көргенде, бірден үйімдегі қызым есіме түсті және оны асығыс құтқаруға тырыстым", - дейді ол.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сәби жақын жерде орналасқан Ұлттық балалар ауруханасына жеткізіліп, оған көмек көрсетілген. Тұрғындар қаһарман жігітке мақтаулары мен алғысын жаудыруда.

Қыз
Фото: Sax Rohmer Ltd

Нгуен бұл жайттан кейін желідегі парақшасына жазылушылар саны көбейіп, ерекше танымалдыққа ие болғанын жасырмайды. Ол аздап қолын жарақаттап алған, десе де балақайды аман алып қалғанына қатты қуанып жүр.

Ескерту! Видео жүйкесі әлсіз адамдарға, аяғы ауыр әйелдерге көруге кеңес берілмейді!

Курьер жігіт 12-қабаттан құлап кеткен екі жасар сәбиді қағып алды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.