Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нумерология: Сіздің байланыс нөміріңіз сіз жайлы қандай ақпарат береді

Опубликовано:

Сандар
Көрнекі сурет: pixabay.com

Нумеролог мамандар әр адамның жеке байланыс нөміріндегі сандар сол адам жайлы ақпарат бере алатынын айтуда деп жазады dauletten.kz сайты.

Нумерологиялық есеп жүргізетіндердің сөзіне сенсек, байланыс нөміріндегі сандар да адамның мінезі жайлы сыр шерте алады екен. Олай болса, бұл есептеуді бірге тексеріп көрейік. Мәселен, сіздің байланыс нөміріңіз 8 007 308 49 28 болса, оларды бір-біріне қосамыз. 8+0+0+7+3+0+8+4+9+2+8 = 49. Мұны бір сан қалғанша жалғастырамыз: 4+9 = 13, 1+3 = 4. Сіздің саныңыз – 4. Енді жауабын оқып көріңіз:

"1" саны шықса

Ұзақ ойланбастан бірден әрекетке көшетін жандардың бірісіз. Бір жұмысты бастасаңыз, қосымша бірнеше істі қатар алып жүре аласыз. Еңбекқор, өзіңізге не керек екенін білетін адамсыз. Мақсатыңызды айқындағаннан кейін оған жету үшін бірден іске кірісетіндердің қатарынансыз. Кей кездері шыдамсыздыққа бой беріп жататыныңыз бар.

"2" саны шықса

Көпшілікке өзіңіздің ашық-жарқын мінезіңізбен сыйлысыз. Достыққа адал, қарым-қатынасты жоғары бағалайтын жандардың бірісіз. Қашан да әділетті шешім қабылдап, кез келген жайтқа түсіністікпен қарайсыз. Дәл осы қасиеттеріңізді жақындарыңыз бен достарыңыз ерекше бағалайды. Алайда, көп жағдайда ұялшақсыз және осы қасиетіңізден көптеген армандарыңызды кейінге қалдырумен келесіз.

"3" саны шықса

Шығармашылықтың адамысыз. Өнерге жақын, көпшілікпен тез тіл табысатын қабілетіңіз бар. Жеке басыңыздың пайдасын соңғы орынға қойып, барынша өзгелерге көмек қолын созуға дайынсыз. Үнемі басқа жандарға қамқорлық танытып, жақсылық жасауға тырысасыз.

"4" саны шықса

Әр күніңізді жоспарлап, үнемі уақытты тиімді пайдалануға тырысатындардың қатарынансыз. Қызметте жоғары бағаланатын маманның бірісіз. Байсалды болып, алға қойған мақсатқа жетуге талпынуыңыздың арқасында үнемі жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жатасыз. Қандай жағдай болса да ақылыңыз бен еңбекқорлығыңызға сенесіз.

"5" саны шықса

Еркіндікті жоғары бағалайсыз. Яғни сіз өзге жанның қандай да бір іспен айналысуға қатысты ақыл айтуын ұната бермейсіз. Үнемі өзіңіз қалаған іспен айналысасыз. Спортқа және ғылыми зерттеулерге жақынсыз. Десе де, көп істі соңына дейін жеткізбейсіз.

"6" саны шықса

Бұл сан тұрақтылықты білдіреді. Қызметіңізде үлкен жетістіктерге жетіп, әріптестер арасында біліміңіз бен біліктілігіңіз жоғары бағаланады. Материалдық құндылықтарды әрдайым екінші орынға қоясыз. Сіз үшін мансап жоғары тұрады.

"7" саны шықса

Рухани байлықты білдіретін сандардың бірі. Бос уақытыңызды пайдалы өткізгенді ұнатасыз. Мінезіңізде ұяңдық басым. Көп жағдайда шешім қабылдауға қиналасыз. Десе де, армандарыңызға жету жолында айқын мақсат қойып, үнемі іске асыруға тырысасыз.

"8" саны шықса

Қаржылық жағдайды жоғары бағалайсыз. Өзіңіздің табысыңызды арттыру мақсатында тыңбай еңбектенуге дайынсыз. Сіз үшін атақ пен дәреже маңызды. Кей жағдайларда қаталдық, билікке деген құштарлық мінездеріңіз жетістікке жетуге кедергісін келтіреді.

"9" саны шықса

Жүрегі нәзік жансыз, басқаларға тек жақсылық ойлап тұрасыз. Қайырымдылықпен айналысып, жақын жандарға үнемі көмек қолын созуға тырысасыз. Өзге жанға тез сенім артып, көп жағдайда адамдарды жақсы тани алмай жатасыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1902431-numerologiya-sizdin-bailanys-nomiriniz-siz-zaily-qandai-aqparat-beredi/

pixel