Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Білікті маман коронавирусқа қарсы антиденелер жайлы өтіріктің бетін ашты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Иммунолог дәрігер, аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман Владислав Жемчугов SARS-CoV-2 коронавирусына қатысты антиденелердің бар-жоғын анықтайтын талдауды қашан жүргізу керек екенін және мұның қандай жағдайда маңызы болмайтынын айтып берді деп хабарлайды Sputnik радиосы.

Владислав Жемчугов ағзаның инфекциядан қорғану деңгейі антиденелермен өлшенбейтінін айтып, иммундық жүйе ара қатынасы әр адамда әртүрлі болатын мыңдаған компоненттен тұратынын ескертті.

Оның сөзінше, вакциналаудан кейін немесе коронавируспен ауырып жазылғаннан соң SARS-CoV-2 вирусына қарсы ағзада түзілетін антиденелер саны адамның қорғаныс деңгейін бағалауда еш рөл ойнамайды.

Медицина маманы екпе салғаннан кейін антиденелер санын өлшеудің мәні жоқ екенін айтты.

"Вакциналаудан кейін антиденелер титрін тексерудің мәні жоқ. Бәрібір оның еш әсері болмайды. Қалай болғанда да иммундық ықпал бар, қорғаныс бар, оны күшейту мүмкін емес", - деді Владислав Жемчугов.

Ол уақыт өте келе антиденелер түзілу қысқаратынын, бірақ бұл ағза қорғаныссыз қалады деген сөз емес екенін атап өтті.

"Егер вируспен байланыс болмаса, ағзада вирус жоқ болса, антиденелер түзу қысқарады. Ағзаның құрылысы осылай. Біз жанасатын микробтарға қатысты барлық антиденелер үнемі жоғары титрда болуы мүмкін емес. Алайда жасушалар жадысы деген дүние бар. Яғни, олар вируспен кезекті рет байланысқа түскенде іске қосылады. Сондықтан дәл осы белсенді иммундық жүйе вирустардың көзін жояды", - деді иммунолог.

Жемчугов антиденелер санын вакциналау алдында тексерген дұрыс болатынын жасырмады.

"Егер адам ауырып жазылған болса, яғни, оның ағзасында антиденелер бар болса және адам өз ағзасындағы антиденелерді аз деп санаса, онда бір рет қана вакцина салуға болады. Егер адам шамамен бір жыл бұрын ауру жұқтырған болса, жасуша жадысын іске қосу үшін бір вакцина салдыру жеткілікті болады. Егер шамамен жарты жыл бұрын вирус жұқтырып, ауырып тұрған болса, онда екпе қажет емес", - деді аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1902480-bilikti-maman-koronavirusqa-qarsy-antideneler-zaily-otiriktin-betin-asty/

pixel