Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Науқастардың ағзасы түсірілген фотоны желіде жариялаған дәрігерлердің басы дауға қалды

Опубликовано:

Ота
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-тың Мичиган штатында пациенттердің ішкі органдарын суретке түсіріп, оны әлеуметтік желіде жариялаған медқызметкерлердің басы дауға қалды деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның жазуынша, Мичигандағы ауруханалардың бірінде қызметкерлер науқастардың ішкі органдарын суретке түсіріп, оны Instagram желісінде жариялаған. Оқиға туралы жергілікті телеарналардың бірі хабарлаған екен.

Журналистердің анықтауынша, ақ халаттылар ота жасау сәтінен кадрлар жариялап, оқырмандарынан алынған ағзаның салмағы мен ұзындығының қанша екенін сұраған.

Фотолардың ота үстелінде жасалғаны, тіпті кейбір кадрларға пациенттердің түсіп қалғаны атап өтілген.

БАҚ өкілдерінің пікір білдіру туралы сұранымынан кейін аккаунт өшірілген.

Сонымен бірге, жанжал орын алған аурухана басшылығы кешірім сұрап, мұндай іс-әрекеттердің медициналық мекеменің ережелері мен жарғыларына қайшы екенін мәлімдеген.

Еске сала кетсек, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметкерлердің әдеп деңгейін бағалау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізген болатын.

"Қаржы министрлігі, сыртқы істер министрлігі, мәдениет және спорт министрлігі, білім және ғылым министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі, энергетика министрлігі, ұлттық экономика министрлігі, әділет министрлігіндегі мемлекеттік қызметкерлердің әдептілік деңгейіне қоғам тарапынан баға беруде оң өзгерістер байқалады", - деп жазылған хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1903306-nauqastardyn-agzasy-tusirilgen-fotony-zelide-zariyalagan-darigerlerdin-basy-dauga-qaldy/

pixel