Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маман телефонды қуаттау кезіндегі қателіктерді атады

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Цифрлы өнімдерді зерттеуші ресейлік маман Эльвина Насибулина телефон батареясының мерзімінен бұрын ескіруіне әкелетін қателіктерді атады деп хабарлайды Российская Газета

Эльвина Насибулина смартфонды түнде қуаттағышқа қосып қалдырмауға кеңес берді. Керісінше ұйықтар алдында біраз уақыт бұрын қуаттап, энергияны үнемдеу режимін қосып қоюды ұсынды.

"Телефонды температура тым жоғары немесе тым төмен бөлмеде қуаттамаған жөн", - деді маман.

Сонымен қатар, сарапшы Қытайдан әкелінген "әмбебап қуаттағыштарды" пайдаланбай, түпнұсқа адаптерлерді пайдалануды ұсынды. Эльвина Насибулинаның айтуынша, телефон қуаты толық таусылғанын күтудің қажеті жоқ.

"Батареядағы қуат деңгейі 10-15 пайыз болған уақытта құрылғыны тоққа қосу керек. Смартфон батареясы үшін 20 пайыздан төмендемеген және 80 пайыздан аспаған қуат деңгейі өте қолайлы болып саналады", - деді маман. 

Егер телефон қуаты тез таусылатын болса, параметрден қуат статистикасын тексеру қажет. Айтарлықтай ақау байқалса, бірден жөндетуге апарған дұрыс.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік.

Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі.

Бұдан бөлек, құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігі ескертілді. 

Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды.

Сонымен қатар, ресейлік "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болатынын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1903449-maman-telefondy-quattau-kezindegi-qatelikterdi-atady/