Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатерлі ісік пайда болады": Белгілі дәрігер қауіпті өнімді атады

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Танымал ресейлік дәрігер Александр Мясников асқазанның қатерлі ісігіне себеп болатын өнімді атады деп хабарлайды РИА Новости

Бұл тақырыпты білікті дәрігер "Россия 1" арнасына берген сұқбатында қозғады.

Оның айтуынша, 2015 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық шұжық өнімін канцерогендер тізіміне енгізген. Сондықтан шұжық – бұл таза канцероген, дейді Мясников.

Медицина маманы шұжықтың дәмін татуға болатынын жеткізді. Бірақ оның құрамында ауыр майлар мен тұз өте көп. Сондықтан шұжық денсаулыққа зиянды деп отыр. 

Еске сала кетсек, осыған дейін Александр Мясников қандай жағдайда шаштың түсуін тоқтату мүмкін емес екенін айтты.

Россия-1 телеарнасына сұхбат берген дәрігердің айтуынша, шаш түсуіне андрогенетикалық бейімділігі бар адамдарда ол қалпына келмейді. Бұл генетикалық және гормоналды сипаттағы сырқат болғандықтан, шашты алмастыру - емдеудің жалғыз тиімді әдісі.

"Сіздер үшін жағымды жаңалығым жоқ. Өйткені сіз бұған ештеңе істей алмайсыз. Шаш бәрібір түседі", - деді ол.

Сонымен бірге дәрігер бояулар мен жасанды шаш ауру салдарын жасыра алмайды деп есептейді.

"Әдейі қарайтып, татуировка жасайтын әртістерді білемін", - дейді Мясников.

Мясниковтың пікірінше, шаштың диффузды түсуі ғана емделеді. Оған стресс, ағзадағы темір тапшылығы немесе қалқанша безінің сырқаты себеп болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1904438-qaterli-isik-paida-bolady-belgili-dariger-qauipti-onimdi-atady/