Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай жағдайда шаштың түсуін тоқтату мүмкін емес

Опубликовано:

Шаш
Көрнекі фото: pixabay.com

Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников қандай жағдайда шаштың түсуін тоқтату мүмкін емес екенін айтты деп жазады РИА Новости.

Россия-1 телеарнасына сұхбат берген дәрігердің айтуынша, шаш түсуіне андрогенетикалық бейімділігі бар адамдарда ол қалпына келмейді. Бұл генетикалық және гормоналды сипаттағы сырқат болғандықтан, шашты алмастыру - емдеудің жалғыз тиімді әдісі.

"Сіздер үшін жағымды жаңалығым жоқ. Өйткені сіз бұған ештеңе істей алмайсыз. Шаш бәрібір түседі", - деді ол.

Сонымен бірге дәрігер бояулар мен жасанды шаш ауру салдарын жасыра алмайды деп есептейді.

"Әдейі қарайтып, татуировка жасайтын әртістерді білемін", - дейді Мясников.

Мясниковтың пікірінше, шаштың диффузды түсуі ғана емделеді. Оған стресс, ағзадағы темір тапшылығы немесе қалқанша безінің сырқаты себеп болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, бас терісі ауруларын емдеумен айналысатын трихолог дәрігер Делнұр Қамбарова коронавируспен ауырған науқастарда шаштың түсуі жиі кездесетінін айтқан еді.

Қамбарова індет организмдегі түрлі вирустарға қарсы тұратын иммундық жүйені жойып жіберетінін атап өтті. Сондай-ақ, ағзадағы ұсақ тамырларды зақымдайды. Яғни, капилляр тамырларда тромбоз (қан айналымының баяулауы) пайда болады.

Дәрігерді айтуынша, коронавирустан емделіп шыққан науқаста шаштың түсуі 3-5 айдан соң басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894242-kandaj-zagdajda-sasty-tsuin-toktatu-mmkin-emes/

pixel