Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шұжықты кімдерге жеуге болмайды: Мамандар кеңесі

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Диетолог дәрігер, нутрициолог, Ресейдің ұлттық диетологтар қауымдастығының мүшесі Анна Белоусова "кейбіреулер үшін шұжық қауіпті болуы мүмкін" деген пікірде. Бұл туралы білікті маман Sputnik радиосына берген сұқбатында айтты.

Анна Белоусованың айтуынша, шикі ысталған шұжықта майдың мөлшері көп болады. Әдетте 30 пайыздан 44 пайызға дейін, сондай-ақ оның құрамында тұз бен дәмдеуіштер жоғары, деді ол.

Диетолог бұл мерекеге арналған жеңсік ас екені, күнде жеуге арналмағанын алға тартты.

"Күн сайын жесеңіз, қан қысымы мен бүйрек мәселесі басталады. Әсіресе, жүрек ауруына шалдыққандар, гипертониялық науқастар, бүйрек патологиясы бар адамдар мен тері проблемасы бар жасөспірімдер шұжықтан бас тартқаны дұрыс", - деді Ресейдің ұлттық диетологтар қауымдастығының мүшесі.

Анна Белоусова сондай-ақ пісірілген шұжық еттің орнын алмастыра алмайтынын жасырмады.

Мемлекеттік стандарт бойынша шұжықта таза ет болмауы ықтимал, болған жағдайда ондағы бұлшықет талшығы өте аз, 8 пайызды құрайды, дейді ол.

Маманның түсіндіруінше, техникалық талап бойынша жасалған шұжықта одан да аз болуы мүмкін.

Ондағы май құрамы 22%-тен басталады. Міндетті түрде дәмдеуіш қосылады.

"Соя тұздығы қосылған шұжық пайдалырақ. Шұжықтың түсі қызғылт көрінуі үшін міндетті түрде крахмал болады", - деді Анна Белоусова.

Шұжыққа түрлі тағамдық бояғыш қосылатыны да жасырын емес, қосылмаса шұжықтың түсі қайнап піскен ет тәрізді сұрғылт болады. Диетолог мұндай шұжықтың сатылымда бар екенін және оның сапасын анықтаудың оңай тәсілін бөлістікізді.

"Шұжықтан бір тілім кесіп, кесілген жеріндегі түске назар аударыңыз. Кесіп алған шұжық сұр болса, ескіргені. Егер кесілген жері сұр болса, дұрыс пісірілген", - дейді маман.  

Дәрігердің айтуынша, қайнатылған сапалы шұжықты өзіміз де дайындай аламыз. Ол үшін етке сірке суын қосып, тұзды ерітіндіге салып баяу отта кем дегенде төрт сағат пісіру қажет. Қайнатылған ет дайын болғаннан кейін, ет тартқыштан өткізіп, пішін береміз. Етке қызылша шырынын қосып қызғылт түске бояуға да болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1904836-suzyqty-kimderge-zeuge-bolmaidy-mamandar-kenesi/

pixel