Ғалымдар шошқаның эмбрионында адамның бұлшықетін өсіріп шығарды
Жарияланған күні:
АҚШ биологтары шошқа эмбрионында адамның бұлшықетін өсіріп шығара алды. Бұл тәжірибенің нәтижелері Nature Biomedical Engineering ғылыми журналында жария болды.
Тәжірибе сәтті жүргізілуі үшін ғалымдар адам мен шошқаның жасанды эмбриондарын құрған. Зерттеушілер генетикалық түзету жүйесі арқылы жануардың ағзасынан бұлшықеттің дамуына жауап беретін ген алып тастайды. Ал адам жасушасынан апоптозға (клетка өлімінің белсенді процесіне) жауап беретін ген алынып тасталған екен.
Жаңадан құрылған эмбриондар 27 күн бойы дамып келген. Ғалымдар бұлшықет тіні шошқада адамның жасушаларының көмегімен, ал жүйке тіндері мен жыныс мүшелері жануардың өз жасушаларының көмегімен дамып жатқанын байқайды.
Бұл зерттеу арқылы ғалымдар жануардың ағзаларын донорлық мақсатта адамдарға қолдану мүмкіндігін тереңірек зерттеуге ниетті екендерін алға тартты.
Еске салсақ, бұған дейін калифорниялық ғалымдар КВИ-дің жаңа толқындары туындауының себебін анықтағанын жазған едік. Зерттеушілердің сөзіне сенсек, дерттің жаңа штамдары пайда болған сайын оның таралуы тоқтамауы мүмкін.
Генетиктер өткен жылдың 1 наурызынан бастап Азия елдеріндегі 150 Sars-Cov-2 штамының мәліметтерін жинап, талдау арқылы осындай қорытындыға келіп отыр. Зерттеу нәтижелері Scietific Reports ғылыми журналында жария етіліп, көпшілік назарына ұсынылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1905965-galymdar-sosqanyn-embrionynda-adamnyn-bulsyqetin-osirip-sygardy/