Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасы келген азамат темекі шегуді тастап, бірден байып кетті

Опубликовано:

Темекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбританияда жасы келген азамат темекі шегуді тастап, бірден байып кетті деп хабарлайды Lenta.ru.

Бұл оқиға Анлияның Хэмпшир графтығы Саутгемптон қаласында болған.

63 жастағы ет жеткізушісі Джон Макфэдден темекі шегетін әдетін тастамақ болып, дүкенге вэйп сатып алуға кіреді.

"Темекі шегуді қою керек болды. Қалған ақшаға мен Scratchcard лотореялық билетін алдым", - дейді ол.

Джон бірден дүкеннен кетіп қалмай, кассаның қасында тұрып лотореяның қортындысын естіген. Нәтижесінде өзінің жеңімпаз атанғанын біледі.

Джон кассирден ұтысын қолма-қол ақшаға айналдырып беруді сұрайды. Алайда сатушы ақшаның тым көп екенін айтып, лотореяның штаб-пәтеріне жүгінуге кеңес береді.

"Мен 1 млн фунт стерлинг ұтып алғанымды айтқанда таң қалдым. Сене де алмадым", - дейді ер адам.

Джон бір сәтте байып шыға келгеніне қарамастан, жұмысын тастаудан бас тартқан.

Айта кетейік, осыған дейін Башқұртстанда әйел адам темекіден шыққан жанжалдан кейін көршісінің үстіне бензин құйып, өртеп жібергенін жазған едік. Енді ол кісі өлтіруге оқталғаны үшін сот алдында жауап бермек.

Ал Нұр-Сұлтан қаласында сөндірілмеген темекі салдарынан көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шыққан болатын. Өрт сөндірушілер оқиға орнына барған кезде пәтер толық отқа оранған екен. 40 шаршы метр аумақтағы жиһаз бен үйдегі өзге де заттар өртенген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1906518-zasy-kelgen-azamat-temeki-segudi-tastap-birden-baiyp-ketti/

pixel