Адамның шашы неге тез ағарады
Жарияланған күні:
Адамның шашы неге тез ағарады? Бұл сауалға Америка Құрма Штаттарының дәрігері Джо Чинкотта жауап іздеді деп хабарлайды Massaget.kz.
Ғалым мыңға жуық адам жинап, зерттеу жүргізген.
Зерттеу тобы сынаққа келген адамдардың тамақ рационын, өмір сүру салты мен күйзеліс деңгейі, жүйкесі, терісі мен шашы сынды гендік ерекшеліктері басты назарға алынып, сол туралы деректерін алып салыстырғаны белгілі болды.
Олар жиналған мәліметтерді саралай келіп, біраз нәрсеге таңқалған екен.
- Біріншіден, шаштың ағаруына күйзеліс пен стресс аса әсер етпейтін көрінеді. Зерттеуге келгендердің арасында тағдыры ауыр, қиындық пен құлауды көп көргендер болғанымен, күйзелістің кесірінен шашы ағарғандар аз болған. Соған қарағанда "бір күнде шашым ағарып кетті" деген сөз жаңсақ тәрізді. Адам табиғатында асырып айтатын қылық барын ескерсек, кейде метафора қолданамыз, тілді дәл жеткіземін деп "артық кетіп" қалатын сәттер болады.
- Екіншіден, шаштың өсуіне көмектесетін ағзадағы меланин горманы жас ұлғая келе аз бөлініп, шаштың ағаруы содан болады екен. Алайда меланиннің неге азайып кететінін ешкім білмейді. Әркімде әртүрлі. Жасқа да, өмір сүріп жатқан аймағына да, тамақ рационына да, физикалық белсенділікке де, ағзаның жалпы жағдайына да байланысы жоқ. Кейде 20 жастағы жігіттің өзі шашы ағарып кетуі мүмкін. Ал кейбірінде тіпті 40-50 жасқа дейін шашы ағармайды. Созылмалы ауруға шалдыққан кей науқастың өзі егде жасқа дейін шашы ағармай жүре береді.
- Үшіншіден, дәрумен, биологиялық қоспа ішіп, ақ шашты азайтамын деген – бос әуре екені белгілі болды. Тамаққа қоспа қосып ішсе не жесе, ағзада меланин бөлінісі көбейеді деген бірде-бір зерттеу не дәлел жоқ.
- Төртіншіден, қартаю да не уақыт өте келе ағзада болатын өзгерістер де шаштың ағаруына қатысы жоғы анықталды. Соған қарағанда "бетке әжім түссе, шаш ағарады" деген бос сөзге ұқсайды. Дене мүшеміз ауырса, зат айналымы нашарласа, шаш ағарады деген де шындыққа жанаспайды.
- Бесіншіден, шашты бояу, шаш күтімін жасау сынды дерматологиялық іс-шаралар ағаруға әсер етпейді. Шаштың пигментін нашарлатуға қауқарсыз көрінеді.
"Сонда шаштың ағаруына не себеп? Себеп бар. Ол – генетикалық фактор. Яғни ата-анаңыздың шашы ерте ағарса, онда сіздікі де ерте ағарады деген сөз. Ал, керісінше, шашқа ақ кеш түссе, онда сізде де кешірек, егде жасқа таяу болмақ", - делінген зерттеу қорытындысында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1906849-adamnyn-sasy-nege-tez-agarady/