Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда тыйым салынған материалдарды жариялаған азаматтар жауапкершілікке тартылды

Опубликовано:

Түркістан облысының Полиция департаменті
Фото: Түркістан облысының Полиция департаменті

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері дін саласы бойынша құқықбұзушылық жасаған 10 тұлғаны анықтады.

Яғни полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде, тыйым салынған материалдарды өздерінің жеке парақшаларына жариялаған 8 пост авторларын және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзған 2 азаматшаны ұстады. Жалпы 10 құқықбұзушының 6-ауы Түркістан қаласының, 3-еуі Созақ және 1-еуі Сарыағаш ауданының тұрғындары.

Аталған жайтқа сәйкес 8 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-тармағы «Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату» бойынша, ал 2 азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-тармағы «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша тәртіп сақшыларымен құжаттар жинақталды. Заңды шешім қабылдау үшін іс-құжаттар бірден сотқа жолданды.

Нәтижесінде әкімшілік соттың қаулысымен 10 тәртіп бұзушыға жалпы 600 000-нан астам теңгеге айыппұл салынды.

Мәселен облыс орталығында мешіт ашып, оны заңды түрде тіркемегені үшін Түркістан қаласының әйел тұрғынына қатысты соттың шешімімен 145 000 теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ ТО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жыл басынан бері атқарған ауқымды шаралар аясында Түркістан облысы аумағында тұратын 280-нен астам теріс діни ағым ұстанушылары анықталып, әртүрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Түркістан облысы ПД қызметкерлері ескертеді: әлеуметтік желідегі күмәнді сайттар мен топтарға кірмеңіз. Олар сіздің санаңызды улау үшін әдейі бұрмаланған ақпарлар мен қылмысқа итермелейтін текстерді, аудио мен бейнежазбаларды жариялайды. Сондықтан мұқият болған жөн.

Егер сізде осындай құқықбұзушылықтар туралы қандай да бір ақпарат болса, тез арада полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1908796-turkistanda-tyiym-salyngan-materialdardy-zariyalagan-azamattar-zauapkersilikke-tartyldy/

pixel