Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының полицейлері жүргізуші куәлігіне “С" санатын қосып беремін деп алдаған алаяқты ұстады

Опубликовано:

Түркістан облысының Полиция департаменті
Фото: Түркістан облысының Полиция департаменті

Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде хабарлап, шағым түсіреді. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, ол 2019 жылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде жергілікті тұрғынмен танысады.

Содан әңгіме барысында жаңа танысқан ер адам, жүргізуші куәлігін істеп бере алатынын айтып, әбден сендіреді. Алаяқтың арбауына түсіп қалған жәбірленуші, жүргізуші куәлігінің санатына «С» санатын қостырып алу үшін 2019 жылдың шілде айында 100 000 теңге береді. 2 ай ішінде бітіріп беремін дегенмен, 2 жыл өтеді. Жәбірленуші не ақшасын, не куәлікті ала алмағаннан кейін, полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.

Кілт және автокөлік құқықтары
Фото: Түркістан облысының Полиция департаменті

Алаяқтық қылмысына байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған іс-құжаттары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданған. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Түркістан облысының Полиция департаменті
Фото: Түркістан облысының Полиция департаменті

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жәбірленуші азаматтың сеніміне кіріп, аз уақыт ішінде жүргізуші куәлігін жасап беретінін айтқан. Содан соң ақшасын алып, бас пайдасына жаратып жіберген.

Түркістан облысының полицейлері ескертеді, кез келген адамның күмәнді ұсынысын қабыл алмаңыздар. Оңай жолмен заңсыз қызмет ұсынамын деген адамның, алаяқ екені белгілі. Сондықтан, сақ болыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1908807-turkistan-oblysynyn-policeileri-zurgizusi-kualigine-s-sanatyn-qosyp-beremin-dep-aldagan-alayaqty-ustady/

pixel