Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Керуен-сарай": Ертегі әлеміне айналған Түркістанның бүгінгі келбеті қандай

Жарияланған күні:

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

10 сәуір күні Түркістан қаласында "Керуен-сарай" көпфункционалды туристік кешені ашылған болатын. Құрылысы 2019 жылы желтоқсанда басталған кешен әлі де жұмысына толық кіріскен жоқ. Дегенмен қазіргі күннің өзінде жекелеген нысандары қонақтарды күтуге әзір деп жазады Massaget.kz сайты.

"Керуен-сарай" кешенінің орналасқан жері - "Әзірет Сұлтан" мәдени қорығының буферлік аймағындағы 20,5 га аумақта, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

Кешенді араламас бұрын, Түркістан қаласының визит-орталығына кіріп қайтуға болады. Бұл жерде қаланың тарихымен, болашақта істелетін жұмыстарының жоспарымен таныса аласыз.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

Мұнда қолөнер шеберлерінің туындылары мен көне жәдігерлер қойылған көрме де бар.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

Ал Түркістанның кішірейтілген макетінен қаланың мәдени, тарихи нысандарын қарасаңыз, көп ғимараттың арасынан үлкен аумақты алып жатқан "Керуен-сарай" бірден көзге түседі.

Орталық Азияда баламасы жоқ кешен Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен кейін өңірге туристер мен инвестиция тартатын басты орталыққа айналуы тиіс. Кешенде 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылған.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

Кешенде құрылыс жұмысы әлі де аяқталмағанын байқауға болады. Соңғы детальдар түзелсе, бұл жер де құлпырып кеткелі тұр.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

Кешенге кіргенде жұмыртқа салынған үлкен ұяны көре аласыз. Бұл қазақ мифологиясындағы қыран тәрізді алып құс – Самұрықтың ұясы.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

Ғимарат "Алтын Самұрық" деп аталады. Ішінде ұшатын театр бар. Еліміздің өткені, бүгіні және келешегінің көрінісі осы театр-музейде көрсетіледі.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

"Алтын Самұрықтың" жанында "Сиқырлы керуен" атты балаларға арналған ойын-сауық орталығы орналасқан. Сырты бір қарағанда өзге нысандардан ерекшеленбеуі мүмкін. Алайда ішіне кірсеңіз, шығыс ертегісіне түскендей күй кешесіз. 

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

Ескі мұнаралар, қала орталығындағы базар, қабырғаға ілінген шамдар сізді Аладдин мен Әли Бабаның әлеміне елітіп әкетеді.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

Мұнда түрлі әткеншек қойылған. Балалар айналатын кесе мен тез жүретін пойызға отырамын, атқа мініп шабандоз боламын десе де өз еркі. Таңдау көп. Кешен жылына 300 мың қонақты күтуге қауқарлы екен.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

"Керуен-сарайдағы" барлық нысандар су арнасы арқылы байланыстырылған. Түркістандықтар мен қала қонақтары бұл жерге "Қазақстанның Венециясы" деген өзге атау беріп те үлгерген.

Расымен, алғашында арнаны, ары-бері өткен қайықтарды көргенде Түркістан емес, өзге бір қалаға түскендей күй кешесіз.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

Су кешеннің қақ ортасын кесіп өтетіндіктен, 50-60 метр сайын екі жағаны қосатын көпір салынған. Ол көпірлер әдемі фото түсіру үшін ойластырылғандай.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

Арнаны жағалай жүре берсеңіз, "Керуен-сарайдың" негізгі нысаны саналатын қауызға жетесіз.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

Қауыздың ортасына қираған кеме кейпіндегі субұрқақ орналастырылған. Мұнда кейінірек ораламыз.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

Әзірге, мына ғимаратқа назар салыңыз. Бұл — амфитеатр.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

Мұнда көпшілік үшін "Қыз қуу" деген қойылым болып жатты. Бұл арнайы үйретілген жылқылардың шоуы екен. Жылқыларды шоуға дайындаған Франциядан келген атақты атбегі Марио Лураши.

"Қыз қуудан" кейін қауызда сиқырлы қайықтардың ғажайып шеруі басталды.

Қойылым қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан — "Қыз Жібек" жырының негізінде жасалған. Әр қайық әр түрлі кейіпкерді бейнелейді және келушілерді қиялға толы әлемге әкетеді.

Төлеген.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

Қыз Жібек.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

Қойылым аяқталғаннан кейін жұрт әп-сәтте тарап кетті. Айнала тып-тыныш күйге енді. Әуезді ән қосылып, түн ортасы ауғанша сөнбеген шамдар "Керуен-сарайға" ерекше атмосфера сыйлап тұрды.

Түркістан
Фото: Yernar Almabek / Massaget

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1910506-keruen-sarai-ertegi-alemine-ainalgan-turkistannyn-bugingi-kelbeti-qandai/