"Ералаштың" балалары бүгінде қайда жүр
Жарияланған күні:
"Ералаштың" дебюті 47 жыл бұрын болғанын білесіз бе? Содан бері оның 300-ден астам түсірілімі жарыққа шығып үлгерді. Тележурналдағы көптеген жас актерлер есейіп қана қоймай, түбегейлі өзгерген. Олардың кейбірі әлі де танымалдығын жоғалтпаса, енді бірі актерліктен бас тартып, мүлде өзге жолды таңдаған. "Ералаштың" балаларының бүгінгі күніне қатысты қызықты ақпаратты supercoolpics.com сайты назарға ұсынды.
Ксения Шандалова
Бала кезінде Ксения талай көрерменнің жүрегін жаулап үлгерген болатын. Ал есейе келе ол фильмге түсуін азайтқан. Ксения барлығы тоғыз жобада бой көрсеткен. Соңғы рет актриса 2009 жылы фильмге түседі. Бүгінде ол киноиндустрияда жұмысын жалғастыруда. Бірақ актер ретінде емес, грим жасаушы ретінде.
Александр Лойе
Бұл тәтті балақайға ғашық болмау мүмкін емес еді! Саша актерлікті бастаған кезде небәрі 5 жаста болатын. Кейінірек ол экрандардан көрінуін азайтады. Ол негізінен жарнамада бой көрсетіп жүр.
Антон Колесников
Жас кезінде Антон 22 эпизодта ойнады. Содан кейін ол кинодаға жұмысын тоқтатқан емес. Бірақ актер ретінде емес, дыбыстаушы ретінде 200-ден астам жобаға қатысқан. Антон бүгінде театрда өнер көрсетіп жүр.
Павел Кассинский
Ал бұл бала қашан да бұзақының рөлін сомдап келген. Бүгінде де актер дәл осындай рөлдерді сомдайды. Павел өз мамандығында жоғары сұранысқа ие. Ол негізінен жағымсыз кейіпкерлерді сомдайды. Десе де, ол барлық жобаларға қатыса бермейді. Себебі, екі ұл тәрбиелеуге де уақыт табу керек.
Любовь Зайцева
Любовь барлығы 40 рөлді сомдады. Кинодан бөлек ол сурет салуға, поэзияға уақыт табады. Сонымен бірге спортпен айналысып, дұрыс тамақтану қағидасын ұстанады.
Юлия Михайлина
Юлияның бүгінде көркінен көз сүрінеді. Алайда ару киноға түсуін доғарған. Оның тек бақытты отбасын құрып, ана атанғаны ғана белгілі.
Велимир Русаков
4 жасында экраннан көрінген бала бүгінгі күнге дейін 50-ден астам рөлді сомдап үлгерген. Велимир рок-музыкамен әуестенеді. Оның өз тобы да бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1911376-eralastyn-balalary-buginde-qaida-zur/