Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мақсатқа жету үшін не істеу керек?": Ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Әр адам өмірлік мақсатын табу үшін сарп ұратыны анық. Көбінесе бұл сұрақтың жауабын мектеп бітіріп, университетке түсетін жастар іздейді. Олар өздеріне не қажет екенін және оған қалай жетуге болатындығын анық түсініп, дұрыс таңдау жасағылары келеді. Осы орайда Qadam.asia жастардың ең жиі қоятын 5 сұрағына жауап іздеп көрді.

"Өмірлік мақсатымды қалай анықтаймын?"

Алдымен, сіз өзіңіздің негізгі өмірлік құндылықтарыңызды анықтап, солардың негізінде мақсаттарды қалыптастыруыңыз қажет. Құндылықтар — бұл біз үшін сенім артуға болатын іргетас. Мақсаттарымызға жету үшін бағыт сілтейтін де осы өзіміз таңдаған құндылықтар болмақ. Сол себепті құндылықты ертерек анықтап алсақ, мақсатымыз да айқындала түспек.

"Мақсатты қай жастан бастап қоюым керек?"

Әрқайсымыз қалай өмір сүретінімізді өзіміз таңдаймыз. Мақсат қоюда белгілі бір уақыттық шектеу орнату дұрыс емес. Өмір де тірі ағза сияқты: біздің өзіміздің де, мақсаттарымыздың да өзгеріске ұшырап отыруы қалыпты құбылыс. Мақсат қоюда жас маңызды емес, маңыздысы – өзіңізге деген сенімділік.

"Өз қабілетімді қалай білуге болады?"

Егер бұл өмірде не тындырғыңыз келетінін, сіз үшін шын мәнінде не құнды екенін анықтау қиын болса, өзіңізге "Егер мен басқалардың үкімдері мен пікірлерін басшылыққа алмаған болсам, өз өмірімде не істер едім?" деген сұраққа жауап іздеп көріңіз. Барлық сұрақтың жауабы – өз ішіңізде.

"Егер табысы жоғары жұмыс пен жалақысы аз, бірақ ұнайтын жұмыс арасында таңдау болса, қайсысын таңдаймын?"

Саналы түрде таңдау жасау керек. Біз кез келген әрекетіміз бен әрекетсіздігіміз үшін жауап береміз. Егер өміріңіздің дәл осы кезеңінде сіз үшін ақша бірінші орында тұрса, ол не үшін керек екенін анықтаңыз: баспана, саяхат, болашаққа инвестиция, білім алу, т.б. Нақты себебін білгеннен кейін дедлайн қойыңыз. Яғни, "осы мақсатты орындау үшін қанша уақыт өзіме ұнамайтын, бірақ табысы көп жұмысты істеуім керек?", "қай кезден бастап сүйікті жұмысыма кірісемін?" деген сұрақтарға жауап беріңіз. Ағымдағы қажеттіліктер арманыңызға кедергі болмауы тиіс.

"Егер арманыма ата-анам қарсы болса не істеймін?"

Мақсатқа жету жолында түрлі кедергілер мен қиындықтар туындайды. Оның бәріне мойынсұна берсеңіз, ешқашан арманыңызды орындай алмайсыз. Ата-ананың тілін ала отыра, өзіңіздің арманыңыздан бас тартпау өте маңызды. Ата-аналарымыз басқа дәуірдің баласы екенін ескеру керек, олар жаңа дүниелерді қабылдай алмауы ықтимал. Сондықтан барынша конфликттен қашып, жақын жандарыңызға сіздің таңдауыңыз қате емес екенін, дұрыс жолда екеніңізді дәлелдеуге тырысыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1911560-maqsatqa-zetu-usin-ne-isteu-kerek-en-zii-qoiylatyn-5-suraqqa-zauap/

pixel