Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда түсініксіз құбылыс болды: Үрейі ұшқан адамдар жан сауғалап қаша бастаған

Опубликовано:

Қытай көшесіндегі халық
Көрнекі фото: Spencer Platt/Getty Images

Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы SEG Plaza сауда орталығының ғимараты кенеттен қозғалып, теңселе бастады. Үрейі ұшқан қызметкерлер мен сатып алушылар қауіпсіз жерге жүгірді деп жазады Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, биіктігі 300 метрлік ғимарат Қытайдағы ең биік нысандардың қатарында. Әлеуметтік желіде жарық көрген видеодан адамдардың биік ғимараттан жүгіріп шығып жатқанын байқау қиын емес.   

Нысанның ішінде болған барлық адамды эвакуациялауға бір сағаттан астам уақыт кеткені белгілі болды. Қазіргі уақытта сауда орталығының теңселуіне не себеп болғаны белгісіз.    

"Шаһардағы жер сілкінісін бақылау станцияларының мәліметі тексеріліп, талданғаннан кейін сейсенбі күні Шэньчжэньде ешқандай жерасты дүмпуі болмағаны анықталды", - делінген хабарламада.

Сарапшылар ғимараттың негізгі конструкциясында немесе сыртында қауіпсіздік ережелері бұзылмағанын, ал ішкі және сыртқы компоненттері бүтін екенін анықтаған.

Айта кетейік, Қытайдың Шэньчжэнь қаласында орналасқан SEG Plaza сауда орталығы 72 қабаттан тұрады, онда электроника дүкендері мен мейрамханалар орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1913249-qytaida-tusiniksiz-qubylys-boldy-ureii-usqan-adamdar-zan-saugalap-qasa-bastagan/

pixel