Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кофе пайдалы ма әлде зиян ба: Ғалымдардың пікірі

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Кофе ішу пайдалы ма әлде зиян ба? Бұл туралы ғалымдардың не дейтінін BAQ.KZ анықтады.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, кардиолог Заурбек Шугушев кофенің жүрек-қан тамырлары жүйесіне және қан қысымы жоғары адамдарға қалай әсер ететініне тоқталды.

Кофенің гипертониямен ауыратын науқастарға теріс әсері әдетте қысқа мерзімді және шамалы ғана болады.

Кофе шынымен қысымның жоғарылауына әсер етеді, алайда өте қысқа мерзімде, яғни максималды жарты сағатқа дейін, дейді ғалым.

Оның сөзінше, әдетте қысым бірден көтеріліп кетпей, аздап көтеріледі.

Сонымен қатар Заурбек Шугушев кофе жүрек-қан тамырлары жүйесіне оң әсер ететінін жеткізді.

Кофе ішу жүрек-қан тамырлары асқынуының даму қаупін төмендететіні дәлелденген, дейді ол.

Өйткені, адамдар қан қысымының жоғарылауынан емес, оның асқынуынан көз жұмады.

Профессордың сөзінше, бұндай бақылаулар тек табиғи жаңа ұнтақталған кофеге қатысты.

Кофе
Көрнекі фото: pixabay.com

Ол сусын пайдалы болуы үшін құрамына назар аудару керек екенін баса айтты.

Сондай-ақ, мамандар ұсынған мөлшерден аспауы маңызды.

Заурбек Шугушев кофенің барлық пайдалы әсерлері тез еритін кофеге емес, жаңа ұнтақталған кофеге қатысты екенін сөз етті.

Егер сіз 20 кесе кофе ішсеңіз, әрине мұның соңы жақсылыққа апармайтыны мәлім.

Ғалымдар тәулігіне екі-үш кесе кофе ішуге кеңес береді. Бұл шамамен 400 миллиграмм.

Медицина саласының мамандары адамның салмағына байланысты 50-ден 180 миллиграмм кофе ішуді ұсынады.

65 жастан асқан адамдар остеопороздың дамуын болдырмас үшін сусынға сүт қосып ішуі керек.

65 жастан асқан адамдар кофені шамадан тыс ішсе, сүйектен кальцийдің шайылып шығуына  яғни остеопороздың дамуына әкелуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1913614-kofe-paidaly-ma-alde-ziyan-ba-galymdardyn-pikiri/

pixel