90 жылдары талай қыздың арманы болған сымбатты жігіттер бүгінде қалай өзгерген
Жарияланған күні:
1990 жылдары ерекше танымалдыққа ие болып, талай қыздың арманына айналған сымбатты жігіттердің бүгінгі күндегі суреттерін supercoolpics.com сайты назарға ұсынды.
Уақыт тас екеш тасты да тоздырады деп жатады. Десе де бұл мақал 90 жылдары талайдың жүрегін жауап үлгерген сымбатты азаматтарға қатысты айтылмағандай. Олар қанша жыл өтсе де өз сымбатын жоғалта қоймаған. Тіпті танымалдығын да сақтап қалғандар әлі күнге дейін нәзік жандылардың арманы болып қалуда.
Сонымен, 90-жылдары ерекше танымал болып, сымбатымен талайдың таңдайын қақтырған ер азаматтардың ескі және жаңа суреттеріне көз жүгіртіп көрейік.
Хью Грант
Киану Ривз
Джон Бон Джови
Джаред Лето
Брюс Уиллис
Эксл Роуз
Марио Лопес
Уилл Смит
Джонни Депп
Том Круз
Пол Радд
Брэд Питт
Джастин Тимберлейк
Райан Филлипп
Рики Мартин
Джеймс Ван Дер Бик
Микки Рурк
Еске салсақ, бұған дейін сұлулығы сыр бермейтін әлемдік жұлдыздар туралы жазған едік. Олардың кейбірінің жасы тіпті 50-ге таяп қалса да, жүздерінен әжімді байқау мүмкін емес.
Мәселен, әнші Эмма Бантонның жасы 45-ке келсе де оны екі баланың анасы деп ешкім айтпайды. Естеріңізде болса, ол әлемге Spice Girls тобы арқылы танылған еді.
Өзінің сұлу бейнесін сақтап қалған тағы бір әлемдік жұлдыз, Голливуд актрисасы - Риз Уизерспун. Жасы 45-ке толса да, бүгінде ол 15 жыл бұрынғы кейіпте қалған.
Одан бөлек, Лондондағы сән апталығы кезінде подиумға "аяғы ауыр ер адамдар" шыққаны туралы жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1913705-90-zyldary-talai-qyzdyn-armany-bolgan-symbatty-zigitter-buginde-qalai-ozgergen/