Жас жігіт қуыршаққа ұқсау үшін мыңдаған долларын сарп етті
Жарияланған күні:
Ұлыбританияда Барбидің сүйіктісіне ұқсау үшін мыңдаған доллар жұмсаған жігіт көпшіліктің таңданысын тудырды деп жазады New York Post.
Джимми Физерстоун 12 ай бұрын пластикалық отаға әуестене бастаған және мақсатына жеткенге дейін райынан қайту ойында жоқтығын айтуда.
Ұлыбританияның Кингстон-апон-Халл қаласында тұратын жігіт өзін Барби қуыршағының сүйіктісі - Кен қуыршағына ұқсату үшін бір жылда 14 мың долларын сарп еткен.
22 жастағы Джимми ерні мен бетін үлкейтіп, ботокс пен винирге де ақша жұмсаған. Әрі қарай ол мұрнын өзгертуді жоспарлап отыр.
Мақсатына жету үшін британиялық азамат 16 жасында мектепті тастап, жұмыс істей бастаған және косметикалық процедураларға ақша жинауға кіріскен. Қазір ол жарнамалық роликтерге түсумен айналысады.
"Мен қашан да басқалардан ерекшеленуді қалайтынмын. Егер менен кімге ұқсағың келеді деп сұраса, Кен қуыршағына дер едім", - дейді Джимми.
Желі қолданушылары Джиммиді пластикалық отаға әуестігі үшін сынауда, бірақ ол мұндай сын-пікірлерге еш мән бермейтінін алға тартып отыр.
Еске салсақ, бұған дейін 90 жылдары талай қыздың арманы болған сымбатты жігіттер туралы жазған едік.
Одан бөлек, Лондондағы сән апталығы кезінде подиумға "аяғы ауыр ер адамдар" шыққаны туралы жазған болатынбыз. Олардың киімі де аяғы ауыр адамдар үшін барынша ыңғайлы етіп тігілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1914261-zas-zigit-quyrsaqqa-uqsau-usin-myndagan-dollaryn-sarp-etti/