Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жемістің қабығын аршып жеген дұрыс па

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: Pexels.com

Ел арасында алма немесе қиярды қабығымен жеген дұрыс деген түсінік бар. Себебі, витаминдердің көбісі жеміс пен көкеністердің сыртында болады екен. Аталған пікір қаншалықты дұрыс? Бұған қатысты ғалымдардың не дейтінін Qadam.asia басылымы анықтап көрді.

Жеміс-жидектің іші де, сырты да пайдалы затқа толы

"Пайдалы заттар жемістің сыртында деген түсінік өтірік емес. Кейбірінде тіпті, жемістің ішінде жоқ пайдалы зат сыртында болады. Мәселен, жүзімнің қабығында ресвератол деген зат болады. Бұл жүзімді жәндіктерден қорғайтын зат. Сол адамның ағзасына антиоксидант ретінде пайдасы мол. Адам өмірін ұзартуға көмектеседі. Марс ғаламшарына жол тартқан адамдарға да ресвератол беріледі. Өйткені адамға бұлшық етін ұстап тұруға көмектеседі", - деп жазады басылым.

Басылым мәліметінше, пайдалы заттың бәрі жемістің қабығында деп ойлау дұрыс емес.

Жемістің іші де толған – дәрумен мен микроэлемент.

Америка Құрама Штаттарының ауыл шаруашылық министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, аршылмаған қызыл алмада 5 грамм жасұнық, 13 миллиграмм кальций, 239 миллиграмм калий, 10 миллиграмм С дәрумені болады.

Егер қабығын аршып тастаса, 3 грамм жасұнық, 11 миллиграмм кальций, 194 миллиграмм калий, 7 миллиграмм С дәрумені қалады.

"Бұдан біз жеміс-жидектің қабығында да пайдалы зат мол болатынын, алайда ішкі жылы-жұмсағында да пайдалы зат көп қалатынын байқаймыз. Сондықтан жемісті қолдан келгенше қабығымен жеген жөн. Ал егер мүмкіндік болмаса, онда аршып жеңіз. Қалай десеңіз де, бала кезде естіген "дәруменнің бәрі қабықпен кетеді" деген сөздің толық негізі жоқ екенін көреміз", - дейді автор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1914703-zemistin-qabygyn-arsyp-zegen-durys-pa/