Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы вакцинада магниттік нанобөлшектердің бары рас па

Опубликовано:

Вакцина салу
Көрнекі сурет: pexels.com

Әеуметтік желіде 2014 жылы жарияланған ғылыми зерттеу талқылануда. Онда ДНҚ вакциналарын жасушаларға жеткізу үшін суперпарамагниттік нанобөлшектерді қолдану жайында айтылған. Халық арасында "осы нанобөлшектер қазіргі коронавирусқа қарсы вакциналардың құрамында бар" деген алыпқашпа әңгімелер тарап жатыр. Алайда олай емес деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.

Портал мәліметінше, медицинада темір оксидінің (SPION) суперпарамагниттік нанобөлшектері бар. Бүгінде оны кейбір препараттарды тікелей дене жасушаларына жеткізу және қатерлі ісіктерді диагностикалау кезінде МРТ үшін контрастты зат ретінде қолданады.

Ғалымдар осы нанобөлшектерді басқа мақсатта пайдалану мәселесін де жан-жақты зерттеп жатыр. Соның ішінде ДНҚ-вакциналарын қажетті жасушаларға тасымалдау үшін нанобөлшектерді қолдану тәжірибесі де бар.

Зерттеу қорытындысы бойынша ондай технологияны іске асыруға мүмкіндік бар және ондай әдіс тиімді болады. Бірақ адамдарға әлі сынақ жасалған жоқ.

Бүгінде супермагниттік нанобөлшектерді жасушаларға жеткізе алатын ДНҚ-вакциналарын жаппай вакциналау кезінде қолданбайды. Әлем бойынша коронавирусқа қарсы бір ғана ДНҚ-вакцина бар.

Оны Inovio Pharmaceuticals компаниясы жасап шығарды. Атауы – INO 4800. Қазіргі кезде сынақтың екінші кезеңі аяқталуға жақын. Оған 6 578 адам қатысып жатыр.

Ал сынақтың бірінші кезеңі туралы есеп The Lancet журналында жарияланған болатын. Осы вакцинаның құрамына суперпарамагниттік нанобөлшектерді қосқаны туралы деректер жоқ.

Бүгінде ДНҚ-вакциналарын жасушаға басқа да жолдармен жеткізуге болады. Ол үшін нанобөлшектерді қолданудың қажеті жоқ. Сондай-ақ РНҚ, векторлы, тірі және инактивті вакцина сияқты екпелерде суперпарамагниттік нанобөлшектер қолданылмайды.

Ғалымдар осы технологияның негізінде безгек, АИТВ, қант диабеті, адам папилломының вирусы, тіпті тіс жегінің алдын алуға арналған дәрі-дәрмектерді әзірлеп жатыр. Дегенмен, адамдардың қатысуымен сынақ жұмыстары жүргізілмеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1914815-koronavirusqa-qarsy-vakcinada-magnittik-nanobolsekterdin-bary-ras-pa/

pixel