Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стив Джобс ұсынған миға арналған жеті жаттығуды білесіз бе

Опубликовано:

Стив Джобс
Стив Джобс. Фото: Tim Mosenfelder/Getty Images

Америкалық өнертапқыш Стив Джобс көптеген жылдар бойы миды дамыту үшін жаттығулар жасаған. Ол өзіне пайдасын тигізген мұндай жаттығулардың бірқатарын көпшілік назарына ұсынды деп жазады Massaget.kz.

Логикалық ойындар

Жаңа мақсаттар миға серпін береді. Сол себепті, айналаңызға қарап, мына сұрақтарға жауап іздеп көріңіз: "Жұмыста қанша баспалдақ бар?", "Қоғамдық көлікте қанша жолаушы үстіне бірдей түсті киім киген?", "Жанымнан өткен екі көліктің нөмірін бір-біріне қосқанда қанша болады?", "Қонақ бөлмедегі кілемнің қанша оюы бар?". Осындай сұрақтарды құрастырып алыңыз.

Күнделік жазыңыз

Күнделік жазуды әдетке айналдырғандардың қарасы көп. Барлығы өз ойын бөлісетін құрал іздейді. Десе де күнделік жай ғана жазба құралы емес, әлдебір іс-әрекетті қалыптастыруға арналған көмекші құрал болуы тиіс. Қолымызға қалам алып өз-өзімізге үңілген сәтте ми талшықтары оянып, өзіңізді айнадан көргендей боласыз.

Тыныштық

Стив Джобс ұсынып отырған кезекті жаттығу – тыныштық. 30 минут тыныштықта отырып тек бір ғана затты ойлаңыз. Басқа ешбір дүниеге алаңдамаңыз. Бастапқыда 5 минуттан бастап көрген жөн.

Жұмысқа басқа жолмен барыңыз

Бұл жаттығу сізді сергек етіп, жаңа ақпаратты есте сақтауға көмектеседі. Жаңа бұрылыстар, көше атаулары мен ғимараттар ойлануыңызға итермелейді.

Кітап оқыңыз

Білімімізді байытып, танымымызды кеңейтетін – кітап. Кітап оқып отырып қиялдайсыз, рухани ләззат аласыз. Миға демалыс сыйлайсыз. Миыңыздың жұмыс істегенін қаласаңыз, оған уақыт бөліңіз. Сонда ғана әр нәрсенің шешімін тез табатын ұшқыр ойлы адамға айналасыз.

Жаңа тілді үйрену

Қандай тіл екені маңызды емес. Жаңа тілді үйрену уақытты қажет етеді. Бірақ күніне 10 сөз жаттасаңыз, миыңыз жақсырақ жұмыс істей бастайды. Соңында тілді де меңгеріп шығасыз.

Эмоцияны ұстай біліңіз

Бір сағат бойы эмоцияға берілмей әрекет етіңіз. Сізге қойылған сұрақтарға қысқаша жауап беріп көріңіз.

Ә. Сәдір

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1915460-stiv-dzobs-usyngan-miga-arnalgan-zeti-zattygudy-bilesiz-be/

pixel